Көш бастаған Еділ Ерғожин

Көш бастаған Еділ Ерғожин

«Ел тұлғасы» акциясының «Ғылым» аталымында Еділ Ерғожин халық дауыс сандары бойынша алда келеді 

Наурыз айында «Ел тұлғасы» халықтық  дауыс еліміздің экономикасын, ғылымын, мәдениетін, өнерін және спортын дамытуда ерең еңбегі сіңген тұлғаларды жариялайтын болады.

9 апта ішінде смс және интернет арқылы 5922 дауыс жиналды. Әр номинация көшбасшысы өзінің өткен аптадағы орынын ұстап қалды.

Жалпы алғанда, бүгінгі күні  дауыс беру нәтижесін былай сипаттауға болады:

 

"Қоғамдық қызмет" аталымы бойынша Мұхтар Шахановта 218 дауыс;

"Бизнес" аталымы бойынша Нұрлан Смағұловта 265 дауыс;

"Ғылым" аталымы бойынша Еділ Ерғожинда 1115 дауыс;

"Мәдениет және өнер" аталымын 368 дауыспен Бақытжан Қанапьянов көш бастап келеді;

"Спорт" аталымын қатарынан екінші апта бойы 365 дауыспен Серік Сәпиев алда келеді. 

Дауыс беру Әлеуметтік желі (вКонтакте, Facebook, Одноклассники және МойМир), электронды почта және смс арқылы қабылданады. Бұл аптада дауыс беру үдерісі көбіне интернет арқылы жүргізілген (барлық дауыстың 69%  интернет арқылы және 31% смс арқылы болды).

Халық «Ғылым» (барлық дауыстың 33%)  және Мәдениет және өнерге» (22%) номинаттарына көп дауыс берді. Ал «Спортқа» 21%, «Бизнеске» - 13%, «Қоғамдық қызмет» - 11% дауыс берілген.

Жоба ұйымдастырушылары: Exclusive журналы, Stosorok.kz қызметі, KCell операторы.

Ақпараттық әріптестері: «Панорама», «Наша жизнь» газеттері, Massaget.кз, Nur.kz, Gazeta.kz, Quorum.kz порталдары және «Центр тяжести» конференциялары мен Total.kz сайты.

Толық ақпаратты 20let.kz сайтынан білуге болады.

Қосымша ақпаратты алу үшін міндетті хабарласыңыз:

Шолпан Бақытжан +7 (727) 2912222, +7 7059849711, e-mail: s.bakytzhan@exclusive.kz

Қарлығаш Есімова, Карина Янлосы - +7 (727) 2912222, info@exclusive.kz