Зумерлер ғана түсінетін сөздер

Зумерлер ғана түсінетін сөздер
Фото: elements.envato.com

Қазір жастар "хайп жасап", өз "вайбымен" өмір сүреді. Бұл сөздердің мәнін бірі түсінсе, енді бірі түсіне бермейді. Тек зумерлер түсінетін cөздер топтамасын ұсынамыз.

Хайп жасау – шу көтеру, танымал болу үшін даулы оқиғаның кейіпкері болу немесе ақылға қонымсыз істер жасау.

Хайп – шу, дау және айқай.

Флекс жасау – хип-хоп ортада әуеннің ырғағымен билеу, қозғалу. Қазір демалу деген мағынада қолданады. 

Жиза – қазақ тілінде "өмірлі" деп айтылып жүр. Негізі орыс тіліндегі "жизненно" деген сөзден шыққан. Барлық адамның басынан өткен жағдайларды сипаттау үшін айтады.

Рофл – келеке, сарказм арқылы жеткізілетін әңгіме, видео. 

Пруф – дәлел

Хейтер – жиі сынға алатын, ешнәрсе ұнамайтын және әрдайым негативті пікір қалдыратын қолданушы немесе анти-фанат.

Чиллинг  – ешнәрсе жасамай демалу немесе кеште көңіл көтеру.

Изи –  оп-оңай, еш қиындықсыз.

Треш – негативті эмоциялардың жиынтығы, онша емес көңіл-күй, жағымсыз ақпарат.

Эпик фейл – сәтсіздік, жұрт көзінше масқара болу.

Фидбэк – кері жауап беру, белгілі бір жазбаға адамның реакциясы.

Краш – ұнайтын адам. Краш деп сүйікті актер, әншіні немесе сымбатты қатарласты айтуға болады.

Кринж – ұятты істі айтады.

Крипово – қорқынышты, ақылға қонымсыз. 

Рил – "реально" сөзінің қысқарған нұсқасы.

Шейминг – біреуді белгілі бір ерекшелігіне сәйкес ұятқа қалдыру, келеке ету.  

Олды – кез келген қозғалыстың алдыңғы буынын айтады. Тіпті, жаңа қосылған жанкүйерлер бұрыннан келе жатқан жанкүйерлерін солай атайды. 

Токсик – басқалардың шекарасын сезінбейтін және өз әрекетімен өзгенің ашуына тиіп, көңіл-күйді бұзуы мүмкін адам.

Вайб – біреумен сөйлескенде пайда болатын атмосфера, көңіл-күй, эмоционалдық күй.

Т. Есқали