Редакция таңдауы: Қабдеш Жұмаділов "Прометей алауы"

Редакция таңдауы: Қабдеш Жұмаділов "Прометей алауы"

Кітап атауы сонау ерте дүниедегі грек мифін еске салып, жадыда жаңғыртқанымен, мазмұны жағынан мүлде бөлек туынды. Қиялдан туған грек мифінде қараңғылықтағы адамдарға жарық сипатты от әкелетін титан Прометей жайлы айтылса, мұнда тарихи жағдай сөз болады.

Роман тарихи тұлғаларды қазақы болмысқа тән шежірелік жолмен баяндайды. Оқиға қазақ хандығы тарағаннан кейінгі аға сұлтандар дәуірінде өтеді. Романның көтерген басты мәселесі – ұлт тағдыры. Мешіт орнына шіркеу салып, ата діннен алыстатып, мешелдікке жол сілтеген жат ділді өзге дін өкілдерімен рухани күрес кеңінен беріледі. Иә, мұндағы қаһармандар қолына қару алып, жауға қарсы аттанбайды, бірақ олар бұдан әлдеқайда биік тұратын рухани шабуылға қарсы тұрады. Сол себепті де мұндағы кейіпкерлер өзгеден ерек, бұрынғыдан соны тұлғалар.

Қорыта айтқанда, қазақтың тарихына тереңдеп, ұлт жолындағы ұлы күрестегі бабалар ерлігін байыптаймын десеңіз, кешегі билер мен ақсақал қариялардың телегей теңіз даналығына  сусындаймын десеңіз «Прометей алауы» кітабын оқыңыздар.

Баспа: "Атамұра"

Басылым жылы: 2002

Бет саны: 352

Форумда талқылау

Сурет atamura.kz сайтынан алынған

Ж. FM