Цукерберг қайырымдылық қорына 500 миллион доллар бөлді

Цукерберг қайырымдылық қорына 500 миллион доллар бөлді

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг қайырымдылық үшін өз байлығынан 500 миллион доллар бөліп берді, дейді Forbes.

Өзінің Facebook жеке парақшасында хабарлағандай, ол өзінің әйелі Присцилла Ченмен бірге компанияның 18 миллион акциясын Silicon Valley Community Foundation ұйымына берген. Бұл ұйым қазіргі кезде білім беру мен денсаулық сақтау салаларында қайырымдылық істерімен айналысады. Берілген акциялардың жалпы құны - 498,8 миллион долларды құрап отыр.

Айта кетейік, бұдан бөлек Цукерберг 2010 жылы Билл Гейтс пен Уоррен Баффет негізін қалаған The Giving Pledge қайырымдылық компаниясына да мүше. Компания мүшелеріне қойылатын басты талап - байлықтарының белгілі бір үлесін міндетті түрде қайырымдылыққа жұмсау. 

Марк Цукербергтің қазіргі байлығы 19,1 миллиард доллар. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: diapazon.kz

Б. Қосмағамбет