Борнеодан лоридің жаңа түрі табылды

Борнеодан лоридің жаңа түрі табылды

Ғалымдар Борнеодан лоридің жаңа бір түрін тапты, деп хабарайлды BBC. Жаңа лори кішкентай денелі болып келеді. Түрі галаго мен лемурға өте ұқсас. Бірақ оның басқаларынан басты айырмашылығы оның тісі улы болып келеді. 

Ғалымдар осыған дейін ғылымға белгісіз боп келген жануарға Nycticebus kayan деген есім берді. Зерттеушілердің айтуынша, ол тек түнде ғана жорыққа шығады. Сондықтан адам көзіне түсе бермейді. 

Лоридің бұл түрі де басқалары сияқты құрып кетудің алдында тұрғандықтан, қорғау шараларын қажет етеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет