Ағылшын тіліндегі қызықты сленгтер

Ағылшын тілінде жыл сайын жаңа сөз қатарға қосылып, енді бір сөз қолданыстан шығатыны жасырын емес. Бүгін назарға жаңа сленгтерді ұсынамыз.

1. Hate to see it

Сәтсіз жағдайда қолданылатын сөз тіркесі. Мысалы, досыңыз сізден бақылау жұмысын көшіріп жатқан кезде, мұғалімнің көзіне түсіп қалды. Сондай кезде өз эмоцияңызды білдіру үшін жай ғана “hate to see it” деп айтсаңыз болады.  

2. Ok, boomer

Бэби-Бумер (1946-1964 жылы дүниеге келгендер) буынында өмірге келгендерге қатысты айталатын сөз. Интернет кеңістігінде миллениалдар (1980-1999) мен Z буыны(2000-2020) өкілдері қолданады.

Мысалы Бэби-Бумер буыны жастарға "лекция" оқығанды жақсы көреді. "Сенің жасында біз далаға шығып, жиі серуендейтінбіз. Сенің отырысың мынау" дейтін болса, сіз жай ғана  "Ok, boomer" деп жылы жауып тастай аласыз. Әрине, кеңесі орынсыз болса.

3. Cap

"Сap" – бұл өтірік. Мысалы достар өзара "he’s definitely capping" ("Оның өтірік айтып тұрғаны анық") деп талқылауы мүмкін. Одан бөлек – "no cap, I swear" (өтірік емес, шын айтамын) деп ақталуға да болады. 

4. Basic

"Basic" бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқан слэнг. Әдетте айдан анық нәрсе айта беретін адамға жауап ретінде қолданады. Оның үстіне бұл сөзді айтқан кезде міндетті түрде көзді ақшитуды ұмытпаңыз.

5. Retweet

Бұл сөзді интернет кеңістігінде, әсіресе әлеуметтік желіде қолданатын. Дегенмен жылдар өте келе оның қолданыс аясы кеңейді. Ауыз екі тілде оны "сенімен келісемін, сені толықтай қолдаймын" деген мағынада қолданады.

6. Fit

Қысқасы, "fit" сөзі outfi сөзінің қысқартылған нұсқасы. Бір уақытта "out" сөзін себепсіз алып тастады. Осылайша біреудің сырт киіміне қатысты пікір білдіру кезінде тек екінші буынды ғана қолданды. Мысалы — "cute fit". 

7. Clout

Оксфорд сөздігіне сенсек, ресми мағынасы – "күш немесе жағдайға және адамдарға әсер ету". Сөз бүгінгі инфлюэнсерлер (influencers) мен Ютуберлермен (YouTubers) тікелей байланысты. Aren’t they chasing a clout, are they?

8. And I oop

RuPaul’s Drag Rac шоуының қатысушысы Jasmine Masters арқасында қолданысқа енген сөз. Сөз арасында ол бір затқа соғысып қалады. Сондықтан оның сөйлемі кенеттен үзіліп кетіп, "And I oop-" деп жалғасады. Бүгінде тіркес ыңғайсыз жағдайда қалғанның өзінде әңгімені жағалғастыра беру үшін қолданады. Мысалы, сөйлеп келе жатып, телефонды қолыңыздан түсіріп алдыңыз, "And I oop-" деңіз де, әңгімені жалғастыра беріңіз.