Термиттер алтын табуға көмектеспек

Термиттер алтын табуға көмектеспек

Аустралиялық ғалымдар кәдімгі термиттердің алтын мен басқа да бағалы металдарды іздеп тауып, сынамаларды жер бетіне шығаратын мүмкіндігін анықтады, деп хабарлайды BBC агенттігіне сілтеме жасай отырып Today.kz.

Ғалымдардың айтуынша, осы жаңалықтың пайдалы қазбаларды іздеп табуда үлкен көмегі тимек. Аустралия және көптеген өндірістік елдерде қазірдің өзінде бағалы металдарды жасанды әдіспен іздеу жер қабатының тығыздығына байланысты біршама қиындық туғызып отырған көрінеді. Сондықтан жәндіктердің дәл осындай қабілетінің ашылуы дер кезінде табылған шешім сияқты.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mightymitetermite.com

Б. Қосмағамбет