Ағылшыннан кейінгі танымал тілдер

Ағылшыннан кейінгі танымал тілдер
Фото: envato.com

Қазіргі уақытта тек бір шет тілін игерумен шектелуге болмайды. Өйткені, жастайынана ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде еркін сөйлеп қана қоймай, әлемнің тағы бірнеше танымал тілінде сөйлейтін жастар жеткілікті. Олар тек тілді меңгеріп қана қоймай, бірнеше мәдениетті еркін қабылдай алады. Бүгін ағылшыннан кейін танымал бірнеше тілді ұсынамыз:

Неміс тілі:
Неміс тілі Еуропадағы бірнеше миллиондаған адамның ана тілі саналады. Оның үстіне, Еуропалық Одақта Германияның рөлі жоғары. Экономикалық және мәдени тұрғыдан дамыған мемлекеттер қатарында. Егер ағылшын тілін білсеңіз, неміс тілін игеру қиынға соқпайды. Тіпті ағылшын тіліне қарағанда жеңілірек.

Француз тілі:
Француз тілі әлемдегі кеңінен танымал әрі әдемі тілдер қатарына жатады. Бұл тілде тек француздар ғана емес, Канада, Батыс Африка және Мағриб елдері тұрғындары сөйлейді. Француз тілі көркем әрі құлаққа өте жағымды естіледі. 

Испан тілі:
Испан тілін білу Испанияға ғана емес, Латын Америкасына есік ашады. Көптеген мемлекеттерде екінші тіл ретінде испан тілі оқытылады. Одан бөлек, қазір испан тіліндегі музыкаларға сұраныс артып келеді. Ырғақты, эмоцияға бай әрі іңкәрліктің тілі саналатын испан тілін үйренуге кеңес береміз. ⠀

Араб тілі:
Араб тілі 20-дан астам мемлекеттік ресми тілі саналады. Араб әлемі өзіне ғана тән ерекше өнерімен, музыкасымен, әдебиеті мен асханасымен танымал. Араб мемлекеттерінде тілді еркін меңгерген маманды құрметтейді. Араб халқы мен экономикасы қарқынды даму үстінде. 

Қытай тілі:
Әлемде ең көп таралған тілдің қатарына жатады. Оның үстіне қытай тілінде жұрнақ, жалғау, септік деген жоқ. Қытай экономикасының қаншалықты қарқынды дамығанын барлық тұтынатын өнімнің сол мемлекеттен шығарылатынына қарап білуге болады. Сонымен қатар, иероглифтерді жаттау ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Т. Есқали