Барак Обаманың құрметіне ежелгі кесірткенің аты берілді

Барак Обаманың құрметіне ежелгі кесірткенің аты берілді

Біраз уақыт бұрын осыған дейін ғылымға белгісіз болып келген балық түріне АҚШ президенті Барак Обаманың есімі берілгендігі жөнінде жазған болатынбыз. Енді міне, арада біраз уақыт өтпей жатып, осыдан 65 миллион жыл бұрын өмір сүрген кесірткеге тағы да президент есімі беріліп отыр. Ғалымдар бұл кесірткені сол замандағы басқа да жануарларлар сияқты астероидтың құлауы нәтижесінде құрып кеткен деп санайды. 

Жаңадан табылған кесіркенің нақты ғылыми атауы - обамадон (Obamadon gracilis). Обамадонның ерекше ұзын, жұқа тістері болған екен. 

Кесіртке Солтүстік Американың батыс өңірінен осы күнге дейін белгісіз боп келген 9 кесірке мен жылан арасынан табылып отыр. Обамадонның ұзындығы 30 сантиметр. Кесіртке жәндіктермен қоректенген екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет