Британ және америкалық акцент: Айырмашылығы мен шығу тарихы

Британ және америкалық акцент: Айырмашылығы мен шығу тарихы
Фото: envato.com

Әр мемлекеттің ресми бір тілі болғанымен, ол аймаққа байланысты түрлі диалектілер мен акценттерге жіктеліп отырады. Ал бізге белгілі ағылшын тілі көптеген мемлекетке ортақ болғанымен, айырмасы баршылық. Британ ағылшыны мен америкалық ағылшын тілдерінде кей сөздер тіпті мүлде басқа мағына беріп жатады. Бүгін олардың айырмашалығын қалай ұғуға болатынын және қайдан шыққанын бірге талқылайтын боламыз. 


Америкалық ағылшын тілі көне тілге жатады.
Адам сенгісіз жағдай, дегенмен шындық. Англиядан Америкаға алғашқы қоныстанған ағылшындықтар өздерімен бірге бәріне ортақ ағылшын тілін ала келді. Ол кезде сөздегі  "r" дыбысы анық айтылатын еді. Ал, Ұлыбританияның жоғары санатты адамдары сол уақытта өзгеден ерекшелену жолын іздей бастады. Сол себепті кей әріптердің дыбысталу жолын өзгертті. Мысалы жұмсақ  "r" қосылды. Қазір британ ағылшын тілінде winter сөзі "win-terr" деудің орнына "win-tuh" деп дыбысталады. Нәтижесінде британ ағылшын тілі жаңа әрі жас дыбысталуға ие тіл ретінде саналды.

Британ ағылшын француз тіліне көбірек келеді.  
Француз тілі ағылшын тіліне айтарлықтай әсер етті. Оған себеп XI ғасырда "Жаулап алушы" Вильгельм Британияға басып кіреді. Ол норман француз тілін ұлы тіл деп танып, мектеп, сот, университеттер мен ақсүйектер ортасында қолдануға мәжбүрлеген. Уақыт өте ол орта  ағылшын тілі ретінде танымал болған. Сонымен қатар, француз тілі 1700-жылдары Ұлыбританияда француз стилінде сөздер мен орфографияны қолдану сәнге айналғанда ықпал еткен еді.  Бұл уақытта "америкалықтар" мұхиттың ар жағында өз өмірлерін сүріп жатты, бұл тенденцияға қатысқан жоқ. Сол себепті британ ағылшыны америкалық ағылшын тіліне қарағанда француз тіліне көбірек ұқсайды. 


Америкалық емле наразылық үлгісі ретінде пайда болды.
Америкалық және британ сөздіктері әртүрді, өйткені тіл құрылымына екі түрлі көзқарастағы адамдар жинақтаған. Ұлыбританиядағы сөздікті Лондондағы ғалымдар жинақтарған. Олар тек танымал сөздерді толықтырған. Ал америкалық ағылшын сөздігін лексикограф Ной Вебстер жинақтады. Вебстер америкалық емле тек қарапайым болуын ғана емес, оның британ ағылшынынан ерекшелуін басты назарға алған. Солай ол Американың тәуелсіз екенін көрсеткісі келді. Мысалы, ол француз ықпалымен пайда болған "colour" және «honour» сынды сөздердегі "u" әрпін алып тастады. Нәтижесінде америкалық "color" және "honor" сөздері пайда болды.  Бұндай өзгеріске "-ise" жұрнағы да ұшырады: америкалық ағылшын тілінде "-ize" жұрнағы қолданылады. Өйткені Вебстер америкалық ағылшын орфографиясы оның дыбысталуын беру керек деп есептеген. 


Америкалық ағылшын тілі сөздерді "жеп қояды".
Америкалықтар үшін сөйлемді толық аяқтамау немесе сөздерді алып тастап қалыпты жағдай. Америкалыққа хабарлама жазып ескертуді сұрасаңыз: "I’ll write them", — дейді, ал дүкенге баруға қалай қарайсың деген сұраққа:"I could" деп жауап беруі мүмкін. Бұл "нағыз" ағылшындықтар үшін түсініксіз болуы мүмкін. Өйткені толық нұсқасы —  "I’ll write to you" немесе "I could go". Америкалықтардың бұлай сөйлеуі олардың ылғи асығыс сөйлеуге тырысуымен байланысты болуы мүмкін. Ал ағылшындықтар толық және дұрыс жауапты жаны сүйеді. 

Т. Есқали