Эссенің негізгі белгілері мен ережелері

Әлемдік стандарт бойынша адамның ойлау қабілеті мен сөздік қорын анықтау үшін эссе жаздыру тәсілін қолданады. Бірақ, бірнеше жылдар бойына шығарма жазып үйренген адам үшін эссе ұғымын бірден түсіну қиынға соғатыны анық. Бүгіннің эссенің негізгі белгілері мен ережелерін ұсынамыз.

Эссенің негізгі белгілері:

1. Көлемі шағын: әдетте эсселер көп дегенде жеті бетке созылады. Көп жағдайда үш беттен аспауы тиіс. Гарвардтың бизнес мектебінде эссе бар жоғы екі бетке жазылады.

2. Нақты тақырып және оны өз ойыңмен дәлелдеу: эссенің тақырыбы әрдайым айқын. Эсседе бірнеше тақырып не ой көтерілмейді. Жазған адам бір бағытты, бір қағиданы ғана ұстана алады.  

3. Еркін композиция - эссенің басты ерекшелігі. Эссе жазатын адам өзіне ыңғайлы жолды ғана таңдайды. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды сақталды дегеннің өзінде оны өз стилінде ерекшелендіре алады. 

4.Сөйлем құрылысы: Шығармада басты ерекшелік сөздік қоры, сөйлемдердің құрмалы болуы болса, эссе жай сөйлемдерді керек етеді. Автордың басты ойы оқырманның оңай түсінуі, тақырыпты қабылдауы болуы тиіс. 

5. Ауыз екі сөйлеу стиліне бейімдік. Соған қарамастан, сленгтер, шаблонды тіркестер мен диалектіні пайдаланбайды. Барлық айтылған пікір дәлелденуі тиіс. Негізгі тақырыптан ауытқымау маңызды.


Эссенің негізгі ережелері:

Басты ереже – тақырыптың болуы. Ал, ішкі құрылысы жазушының талғамына қарай өзгеріп отырады. Міндетті түрде қорытынды келтірудің қажеті шамалы. Оны негізгі мәтінге қоссаңыз, не кіріспеде айтсаңыз да болады. Аргумент келтіру, дерек беру маңызды.  Реферапен салыстырғанда, эссе оқырмаған арналады. "Менің ойымшадан…" басталып, "Мен мынадай қорытындыға келдім…" деп аяқталуы мүмкін. Автор өзінің субъективті пікірін білдіреді.