Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Сауатты жаза білесіз бе? (тест жауабы)

Сауатты жаза білесіз бе? (тест жауабы)

Сауатты жаза білесіз бе? (тест жауабы)

Сөйлем құрауда, мәтін жазуда ең бастысы – сауаттылық. Жазған сөйлеміңіздің басы мен аяғы ұйқаспайтын не логикалық қисынға сай келмейтін болса, ондағы ойыңыздың құны бір тиын боп қалуы да ықтимал. Сондықтан әр адам өз жазғанын екі шоқып, бір қараса, ана тіліне деген құрметі жоғары екенінен де хабар береді. Сіз өз тіліңізде қаншалықты сауатты жаза аласыз? Кешегі тесттің дұрыс жауабының түсіндірмесін ұсынамыз.

1. «Мен» сөзіне шығыс септігінің жалғауын дұрыс жалғаңыз
А) Менімен
Ә) Меннен
Б) Менің
В) Менен

(Көбіне "Меннен" деп қате жазылады)

2. Логикалық қисынға сай құрылған сөйлемді белгілеңіз
А) Қайын жұртқа барғанда ғана орамал тағамын
Ә) Күйеуім мен қайын жұртыма адал қызмет етемін
Б) Күйеуім қайын жұртына жиі бара бермейді
В) Менің қайын жұртым – күйеуімнің өз жұрты

(әйел адамда қайын жұрт болмайды, жалпы жұрт, үш жұрт деген сөз жігітке қатысты ғана қолданылатынын ескермейміз)

3. «Осыдан 2 жыл алдын шаңырақ көтергенбіз». Сөйлемнің қатесін түзеңіз

А) Осыдан 2-жыл алдын шаңырақ көтергенбіз
Ә) Осыдан екі жыл бұрын шаңырақ көтергенбіз
Б) Осыдан 2-жыл алдын үйленгенбіз
В) Осыдан 2 жыл бұрын шаңырақ көтергенбіз

(Екі цифры сөзбен берілуі керек және "алдын" деген сөзді "бұрын" деп түзету)

4. Мына сөйлемдердің қайсысы дұрыс?

А) Кешкі асқа не пісіруге болады?
Ә) Кешкі асқа істегенге қандай мәзір бар?
Б) Кешкі асқа не пісірсе болады?
В) Кешкі аста пісіретін қандай мәзір бар?

(пісірсе, пісіргенге деген секілді ауызекі тілде қолданылатын қате сөздерді мәтін жазғанда қолданбаймыз)

 5. «Любой» сөзінің қазақша баламасы?
А) кез-келген
Ә) кез–келген
Б) кез келген
В) кезкелген

("кез келген" сөзі дефиссіз жазылатынын ескеріңіз)

6. Шатасқан сөздерді дұрыс орналастырыңыз.

А) Сәкен Майғазиев – Қазақстанның еңбек сіңірген жастар қайраткері, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші
Ә) Сәкен Майғазиев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші
Б) Сәкен Майғазиев – әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" жастар мемлекеттік сыйлығының иегері
В) Сәкен Майғазиев – әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

(әнші деген сөзді сөйлем соңына қалдырмай, алдымен кім екенін айту, сонан соң мемлекеттік жастар деген сөздердің орнын шатастырмау)

7. Дұрыс жазылған сөйлемді көрсетіңіз
А) 2030-жылға таман 50 миллион адам жұмыссыз қалады
Ә) 2030 жылға қарай 50 миллион адамдар жұмыссыз қалады
Б) 2030 жылға таман 50-миллион адам жұмыссыз қалады
В) 2030 жылға қарай 50 миллион адам жұмыссыз қалады

(жыл жазғанда дефис қоймау, сан тұрған жерде көптік жалғауын жалғамау)

8. Қай нұсқадағы сөздер тізбегі толықтай дұрыс жазылған?

А) Кентавр, лекимия, рассизм, нителект, режисер
Ә) Кентавр, лейкемия, расизм, интеллект, режиссер
Б) Кентовр, лейкимия, расизм, интеллект, режисер
В) Кентавр, ликемия, рассизм, интелект, режиссер

(Сөздердің дұрыс жазылуына күмән келтірсе, міндетті түрде Google іздеу жүйесі арқылы не сөздіктен тексеру)

9. Қатесіз жазылған сөйлемді табыңыз
А) Үндістанда ерлер неге қол ұстасып жүреді?
Ә) Сабит Мұқанов театры алматылық көрермендерімен қауышады
Б) Кірпіктеріңізді өсіргіңіз келсе...
В) Әлемнің ең лас 10 қалалары

(көрермен, кірпік, қас, шаш, аяқ – барлығы жалпылама сөздер және 10 қала дегенде сан есім болғандықтан, олардың ешқайсысына көптік жалғау қоспау)

10. Тақырыпты дұрыс қойыңыз
А) Қазақтың 15 жасар вундеркинді университетті аяқтайды
Ә) Қазақтың 12 жастағы вундеркинді 15 жасында университті аяқтайды
Б) Қазақтың вундеркинді университетті 15 жасында аяқтайды
В) 15 жасында университті аяқтайтын қазақ вундеркинді

(Бұл жерде тақырыпта басым мағынаға ие сөздерді алға шығару көзделген, бірінші қазақтікі екенін айту, одан кейін ерте аяқтап жатқанын, соңында не бітіргенін айту).

 
0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: BestVix
Қосылған күні: 27 қараша 2019, 16:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->