Марсель Прусттан бірнеше сауал

Марсель Прусттан бірнеше сауал
Фото: https://4brain.ru/

Марсель Пруст – Францияның атақты жазушысы, сыншы. «Жоғалған уақытты іздеу» атты жеті томдық эпопеясы арқылы оның танымалдығы артты. Тағы бір ерекшелігі сыныптас қызы берген сауалнаманы (анкета) аса мұқият толтыру арқылы «Пруст сауалнамасы» тарихта қалған.

1. Қандай адамгершілік ісіңізді жоғары бағалайсыз?

2. Ер адамның бойынан көргіңіз келетін басты қасиет?

3. Әйел адамның қай қасиетін ерекше бағалайсыз?

4. Ең сүйікті ісіңіз қандай?

5. Басты ерекшелігіңіз неде?

6. Бақыт жолында ең басты идеяңыз?

7. Бақытсыздыққа бастар негізгі жол қандай?

8. Ең сүйікті түсіңіз және жақсы көретін гүліңіз?

9. Егер сіз – сіз болмасаңыз, онда кім болар едіңіз?

10. Қай жерде өмір сүргіңіз келеді?

11. Сүйікті жазушыңыз кім?

12. Сүйіп оқитын ақыныңыз?

13. Өнерін жоғары бағалайтын композиторыңыз және суретшіңіз?

14. Қай сенім жаныңызға жақын?

15. Әдеби кейіпкерлерден кімді жақсы көресіз?

16. Шын өмірдегі құрметтейтін тұлғаңыз?

17. Әдеби кейіпкерден қай әйел адам жаныңызға жақын?

18. Жеңсік асыңыз және сүйікті сусыныңыз қандай?

19. Қандай есімдер ұнайды?

20. Не нәрседен жиіркенесіз?

21. Қай тарихи тұлғаны жек көресіз?

22. Дәл қазір ішкі әлеміңізде не болып жатыр?

23. Сүйікті нақыл сөзіңіз қандай?

Сұрақтарға сіз де жауап беріп көріңіз, оған арнайы Массагет сайтында блог жазу арқылы жауап берсеңіз де болады.

@. @assel_assanova