English lessons: ағылшын тіліндегі 5 тіркес етістік

Ағылшын тілінде тіркес етістіктердің маңызы зор. Өйткені, күнделікті өмірде негізгі етістіктерге қарағанда, туынды етістіктер жиі қолданады. Бүгін назарларыңызға шетелдіктермен тілдесу барысында қолдануға болатын 5 тіркес етістікті ұсынамыз:

1. Set up

Set up етістігінің алғашқы мағынасы – жүйе жасау немесе құрастыру. Сіз үйде компьютер жүйесін жинақтай аласыз, яғни тек процессор ғана емес, монитор, динамикасы мен барлық бөлігін біріктіре білсеңіз оны – to set up a computer деп түсіндіре аласыз. Сонымен қатар, сатып алатын не сатумен айналысатын бизнес түрімен айналыса аласыз: I  have set up a company that brings me $100000 per annum. – Мен жылына миллион доллар табыс алып келетін компанияның негізін қаладым.  

Set up етістігінің екінші мағынасы – "өзге біреуді ыңғайсыз жағдайда қалдыру". Фильмдерден "мені алдап кетті, аяғымнан шалды" дегенді жиі естиміз. Мысалы, қылмыскерлерді ұстау операциясы кезінде полиция өз қызметкерлерін қылмыскер арасына тыңшы ретінде жібереді: They set up the criminal from the very beginning so that he could believe it to be true. – Олар әу бастан-ақ қылмыскерлерді мұзға отырғызып кетті, сондықтан олар оған сенді.

2. Work out

Work out сөзінің алғашқы мағынасы – "спортпен айналысу, жаттығу": We go to gym to work out muscles – Біз спортзалға бұлшық еттерді жаттықтыру үшін барамыз.

Екінші мағынасы — "мәселені шешу": If we have problem of any kind we must work it out – Егер осындай мәселелер туа қалса, біз оны шешуіміз керек. 

3. Turn out

Бұл тіркес арқылы кенеттен білген нәрсені сипаттайды: It turns out Mr. Edwards is a soldier – Эдвардс мырза сарбаз болып шықты. 

Екінші мағынасы –  "өндіру, өнім шығару": Some business can turn out million cars a year,  the others turn out TV programs etc. – Кейбір өнеркәсіп жылына миллион автокөлік өндіреді, ал кейбірі телевизиялық бағдарламалар шығарады.  

4. Cut off

Cut off етістігі өшіру/ өзгенің сөзін бөлу / біреудің жолын кес-кестеу деген мағыналарда қолданылады.
• It turned out that Mr. Brown has forgotten to pay his electric bill so the power was cut off. – Браун мырза электр шотын төлеуге ұмытып кеткен болып шықты, оның үйіндегі жарықты кесіп тастады. 
• Don’t cut me off, I need to speak! – Сөзімді бөлме, айтарым бар!
• A black car cut me off on the road. – Қара көлік жолымды кес-кестей берді.

5. Catch up

Сatch up сөзі қуып жету және есесін қайтару деген мағыналарды білдіреді.
• We haven’t seen for ages, so now we are sitting in the pub, drinking beer, catching up – Көріспегелі көп болды, қазір барда отырмыз, сыра ішіп өткен күндердің есесін қайтарамыз. 
• I need some time to catch up on my work after the vacation. – Еңбек демалысынан кейін жоспарды қуып жету үшін маған біраз уақыт керек.