Кәрім Мәсімов жасанды сана туралы кітап жазды

Кәрім Мәсімов жасанды сана туралы кітап жазды
Фото: tengrinews.kz/

Кәрім Мәсімов жасанды сана туралы кітап жазды деп хабарлайды Tengrinews.kz"Әлемнің келесі қожайыны. Жасанды сана" кітабы ірі электронды кітапханалардың бірі ЛитРеске жарияланды. Жақын арада қағаз нұсқасы Meloman дүкендер желісінде сатылатын болады. Автордың сөзінше, 2018 жылы қазанда Қазақстан халқына жолдауында Алғашқы Президенттің жасанды сана енгізу қажеттігін атап өткені оның кітап жазуына себеп болған. Өзінің кітабында Мәсімов жасанды сананың даму сатыларына шолу жасай отырып, оның әлем мемлекеттерінде даму стратегиясын айтады. Автор жасанды сана жүйесінің қарқынды дамып жатқанын, Қазақстан жаһан нарығынан қалып қою қаупіне ие екендігін де атап өтеді. "Бұның алдын-алу үшін біз төл стратегиямызды іске асырып, шетелдік құзыретпен берік қарым-қатынас орнататын жайлы құқықтық орта құруымыз керек… Сонымен қатар адамның жеке құқығына қауіп төндірмеуі шарт. Заңнама өзгерістерімен қатар, барлық инфроқұрылымның инновациялық жаңартылу қажеттілігі туады" — деп жазады Кәрім Мәсімов өз кітабында.

"Біз жасанды сананың болашақтағы басымдылығы бүгіннен басталатынын түсініп және есте сақтауымыз керек", — деп атап өтті ол. 

Кәрім Мәсімовке кеңес беріп, көмектескендер қатарына Alibaba негізін қалаушы Джек Ма, Yandex құрушысы Аркадий Волож, Сбербанк басшысы Герман Греф, SoftBank Investment Advisers төрағасы Раджив Мисра, Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирилл Мюллер мен басқа да белгілі мамандар кіреді. Одан бөлек, кітапқа "Арманымдағы Қазақстан" байқауына қатысқан талапкерлердің жұмыстары енген. 

Аркадий Волож
Yandex компаниясының бас директоры
"Кітапта жасанды сананың бүгінгі күй-жайымен байланысты мәселелер, сала бойынша концепциялар мен мысалдар келтіріліп, түсінікке шолу жасалған. Автор кітабын парақтап отырып, адамзаттың жаңа әлемге де сіңісіп кететіні туралы еш күмәнсіз сенесіз. Бұл – өте мәнді кітап”. 

Джек Ма
Alibaba Group негізін қалаушы
"Мұнайға қол жетпей тұрып, Айға ұшуды елестетіп көрмеген адамзат секілді, сандық ақпаратқа ие болмай тұрып болашақта қол жеткізетін нәрсенің деңгейін білу мүмкін емес. Бірақ, адамдарды машиналардан ерекшелендіретін нәрсе – олардың болашаққа деген қызығушылығы мен шексіз батылдығы. Сондықтан, бұл кітаппен бірге адам болашағының парақтарын ашатын болаымыз”.

Герман Греф
Сбербанк басшысы

"Жаңа технологиялар мен жасанды сананы сипаттайтын кітаптардың мол екеніне қарамастан, болашақ технологиясын кезк келген оқырмаған қарапайым тілмен түсінікті жеткізетін кітапты табу қиын. Кітапты бір деммен оқып шығасыз. Кітап технологиялық аспектілер мен жасанды саланы қолдану бағыты бойынша қызықты мысалдар келтірген.

Кәрім Мәсімов - белгілі мемлекет қайраткері. Екі мәрте Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметін атқарған. 2016 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басшысы міндетін атқаруда. 

Т. Есқали