Антарктидада жаңадан үлкен жарық пайда болды

Антарктидада жаңадан үлкен жарық пайда болды

Антарктида материгінің Пайн-Айленд мұздығында жаңадан үлкен жарық пайда болды. Ол TerraSAR-X атты неміс жер серігінің көмегімен табылып отыр. 

Ғалымдардың айтуынша, жақын арада осы жарық кесірінен Оңтүстік Америка маңынан өлшемі Нью-Йорк қаласымен бірдей болатын алып айсберг бөлініп шықпақ. Осыған дейін де Пайн-Айленд мұздығынан үлкен мұз жарығы табылған еді.  

7

Алғашқы мұз жарығының белгілері осыдан бір жыл бұрын байқала бастапты. Қазіргі кезде оның ені 243 метрге жеткен. Тереңдігі 55 метр. Ал мұз жарығының ұзындығы 30 шақырымды құрап отыр. Оның үстіне мұз жарық көлемі күн санап өсіп келеді. Осыған байланысты ғалымдар болашақта бөлінуі мүмкін айсбергтің қауіптілігін зерттеп жатыр. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет