Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / English lessons: Эд Ширан "Beautiful people" әнімен не айтқысы келді?

English lessons: Эд Ширан "Beautiful people" әнімен не айтқысы келді?

English lessons: Эд Ширан

Эд Ширанның әндері әрқашан терең мағынаға тұнық болады. Оның жазған кез келген әні бірден хитке айналып, жүректерді жаулайды. Жақында жарыққа шыққан "Beautiful people" әні АҚШ-тың басты чарттарының бірі Bilboard Hot 100 қатарына кірді. Бейнебаяны да айтарлықтай көрілім жинап, тыңдарман көңілінен шықты. Бүгін әннің аудармасы мен ағылшын тілін үйреніп жүргендер үшін шағын ақпарат ұсынамыз

L.A. on a Saturday night in the summer
Лос-Анджелес, жазғы сенбілік кеш

Sundown and they all come out
Күн ұясына батқан шақта, олар тысқа шығады

Lamborghinis and their rented Hummers
Ламборгини және жалға алған Хаммер

The party is on, so they are heading downtown
Сауық кеші басталды, енді олар орталыққа аттанады.

('Round here)
Осы аймақта

Everybody is looking for a come up
Барлығы бас пайдасын ойлап әуре.

And they wanna know what you are about
Сен туралы бәрін білгісі келеді.

Me in the middle with the one I love and
Сүйіктім екеуміз осының ортасында қалдық,

We are just tryna figure everything out
Біз бар болғаны не болғанын ұққымыз келеді. 

We do not fit in well 'cause we are just ourselves
Біз бұл ортаға сыймаймыз, өйткені, біз шынайымыз.

I could use some help getting out of this conversation, yeah
Әңгімемді аяқтауға өзгенің көмегі керек

You look stunning, dear, so do not ask that question here
Жүзің жарқырайды, жаным-ау, артық сұрақтың керегі жоқ

This is my only fear: that we become
Мендегі бар қорқыныш: айналар ма екенбіз 

Beautiful people
Бөлігіне "сұлу адамдардың"

Drop top, designer clothes
Кабриолет және дизайнерлік киімдер

Front row at fashion shows
Сән көрсетілімінің алдында

"What do you do?" and "Who do you know?"
"Не істеп жүрсің?" және "Кім сенің танысың?"

Inside the world of beautiful people
"Сұлу" адамдардың әлемінің ішінде

Champagne and rolled-up notes
Шарап және есірткі

Prenups and broken homes
Неке келісімшарты және ажырасқандар

Surrounded, but still alone
Көптің арасында, бірақ жалғыз

Let's leave the party
Бұл кештен кетейікші 

That is not who we are (We are, we are, we are)
Өйткені, біз

We are not beautiful
"Сұлу" адамдар емеспіз

Yeah, that is not who we are (We are, we are, we are)
Иә, өйткені біз

We are not beautiful (Beautiful)
"Сұлу" адамдар емеспіз.

L.A. Drove for hours last night and we made it nowhere
Лос Анджелес. Түні бойы көлікте, ешнәрсе бітірмедік 

I see stars in your eyes when we are halfway there
Жол ортасында сенің көздеріңнен жұлдыздарды көрдім 

I'm not fazed by all the lights and flashing cameras
Мен олардың жарықтарынан масаймадым

'Cause with my arms around you, there is no need to care
Мен сенің құшағындамын, уайымдайтын себеп жоқ.

Әндегі тіркесті етістіктер (Phrasal verb)
Come Out – шығу, пайда болу. Мысалы: Better come out and face it, mate – Сенің шығып, бетпе бет кездескенің дұрыс, достым.

Сome up – пайда болады, көтерілу. Көбіне кенеттен бір тапсырма не іс шыққан кезде немесе талқылау барысында жаңа тақырып туған шақта қолданылады. Бұл әнде көтерілу (пайда) мағынасында қолданылады. Мысалы: I’m sorry I missed your birthday party. Something came up at the last minute, and I couldn’t go – Туған күніңе келе алмағаным үшін кешір. Соңғы сәтте бір нәрсе шықты да, бара алмадым.

Figure out – түсіну, мәселенің шешімін табуға тырысу, түпкі мақсатты анықтау. Мысалы:  I couldn’t figure out what the teacher was talking about – Мен мұғалімнің не туралы айтып жатқанын түсіне алмадым.

Get out – кету, өзгені қуу үшін айтады, жалтару. Кейде бір орында қалып, демалуды да меңзейді. Мысалы: We don’t get out much, as we have a young baby – біз далаға жиі шыға бермейміз, өйткені баламыз кішкентай. 

Fit in  ұқсас адамдар тобына сыю, сәйкес келу, бірігу. Мысалы: I tried to fit in, but they were all much younger than I was – Мен олармен бірге жүруге тырыстым, бірақ олар менен әлдеқайда жас еді. 

Сөздік қорды көбейтейік:
• broken homes  ажырасу, бұзылған үйлер (шаңырақ).
• row – қатар
• beautiful  сұлу, келбетті, керемет дегенді білдіреді. Бірақ, бұл әнде бұл сөз арқылы "жоғары тап өкілдерін" не "бай" адамдарды сипаттайды. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: Коллаж
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 09:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.