Ағылшын тіліндегі басты 10 ереже

Ағылшын тіліндегі басты 10 ереже
Фото: freepik.com / коллаж

Барлық тілдің өзіне тән жазу және сөйлеу заңдылығы бар. Тілді меңгеру сол заңдылықтарды есте сақтаудан басталады. Кейде ағылшын тілін үйреніп жүргендер том-том грамматика кітаптарын көріп бір күрсініп алады. Өйткені, ереже іш пыстырады. Бүгін біз ағылшын тілінде сауатты сөйлеу мен жазуды тез меңгеру үшін керек ең негізгі ережелерді назарларыңызға ұсынамыз. Check it!

1. Сөйлемдегі сөз реті:
Қазақ тілінде сөздердің өз орны бар. Бастауыш пен баяндауыштың не толықтауыштың орнын өзгерте алмаймыз. Орыс тілінде "бастауышпен баяндауыштың орнын ауыстырғанмен, сөйлемнің мәні өзгеріссіз қалса", қазақ тіліне бұл заңдылық мүлде келмейді. Біз секілді ағылшындар да сөздің ретін оңды-солды өзгерте бермейді.
Бастауыш (кім?) + баяндауыш (не істеді? Не қылды?) + толықтауыш (кіммен? немен?) + пысықтауыш (қашан қалай? не мақсатпен?)
Ол көлік сатып алды. — He bought a car.
• 
Сөйлемде тұрлаусыз мүшелері кездеспеуі мүмкін, бірақ бастауыш пен баяндауышсыз сөйлем құру мүмкін емес. Егер сөйлемде бастауыш (іс-әрекетті атқарушы) белгісіз болса, оны "it" есімдігі арқылы береді. 
Дала суық. — It's cold outside.

2. Көмекші етістіктер:
Сұраулы сөйлемдер мен болымсыз сөйлемдерде көмекші етістіктің атқаратын рөлі зор. Қазақ тілінде де көмекші етістіктер бар. Бірақ, сұраулы сөйлемде шылаулар көмекке келеді. 
Сен музыканы жақсы көресің бе? — Do you like music?
Мен бұл кешке бара алмаймын. — I won't (will not) go to the party.

3. Be, have, do формалы етістіктер:
Ағылшын тілінде үздік үштік бар — олар арқылы көптеген іс әрекетті көрсетуге болады. Бұл етістіктердің мағынасы: "be" (болу), "have"(ие болу) және "do" (істеу). Оларды жиі қолданатындықтан, бірнеше формаға жіктеледі:
• "Be" етістігі осы шақта "am" (I), "is"  (he, she, it) және "are" ( we, you, they) етістіктеріне бөлінген.
• "Have" етістігі тек үшінші жақта (he, she, it) — "has" ретінде қолданады.
• "Do" етістігі "he", "she", "it"  кезінде "es" жалғауын жалғап, "does" деп жазылады. 
Бұл етістіктер мен олардың формаларын жаттау арқылы кез келген шетелдікке нені қалайтыныңызды жеткізе аласыз.

4. Екі болымсыз тіркесті қатар қолданбау:
"Мен ешқашан..." деп аталатын ойынның ағылшынша нұсқасы "I've never (done)…"  деп аталады. Ереже бойынша қазақ тілінде "ешқашан" деген есімдіктен соң келетін етістік міндетті түрде болымсыз болады. Ағылшын тілінде бұл ереже қате саналады. "Never" болымсыздық үстеуінен кейін етістіктің өткен шақтағы, болымды формасын қолданамыз.
Мен бұны ешқашан көрмедім. — I've never seen it.

5. Артикль:
Бұл тақырып туралы сағаттап сөйлесуге болады. Басты мәселе қазақ тілінде артикль деген түсініктің болмауы. "The", "a", "an" қай жерде қойылатынын білмей әбден бас қатырамыз. Оның қойылу ережесінен гөрі, кездеспейтін кездерін жаттап алу әлдеқайда жеңіл.
• Зат есімнің алдында тәуелдік есімдігі тұрса немесе тәуелденген зат есім алдында:
This is a dog. This is my dog. It isn't my sister's dog. — Бұл ит. Бұл менің итім. Бұл менің әпкемнің иті емес.

• Зат есім алдында есептік сан есім тұрған жағдайда ("қанша?" деген сұраққа жауап береді):
I have two sisters and one brother. — Менің екі әпкем мен бір ағам бар.

• Зат есім алдында болымсыздық тұлғалы "no" сөзі тұрған кезде:
I have no idea what to do. — Не істеу керектігін білмеймін.

• Зат есім алдында сілтеу есімдігі (this, these, that, those) кездессе:
Give me that pencil, please. — Өтінемін, маған ана қарындашты беріп жіберші.

6. Көптік жалғау:
Көптік жалғауы қазақ тіліндегідей көп емес. Басты ережесі зат есімге "s" жалғауын жалғау арқылы көптік есім тудыру:
a dog — dogs, a cat — cats, an insect — insects
• Сөз ызың дауыссыз дыбыстарға не "о" әрпіне аяқталған жағдайда, "es" жалғауы жалғанады:
bus — buses, glass — glasses, bush — bushes, box — boxes, branch — branches, potato –potatoes
• Ал сөз "y" дыбысына аяқталып, оның алдында дауыссыз дыбыс тұрса, көптік жалғауы "ies" деп өзгереді:
baby — babies, city — cities, lady — ladies
Бірақ, мына сөздер өзгеріссіз қалады: boy — boys, toy — toys, play — plays

• Сөз соңы "f" не "fe"-ге аяқталса, "s" жалғауы жалған кезде "f" әрпі "v"-ға өзгереді.
leaf — leaves, wife — wives
Бұл көптік жалғаулы есімдіктерді жасаудың ережелері. Бірақ, заңдылыққа бағынбайтын сөздер барын да естен шығармаған жөн: child — children, man — men, mouse — mice

7. Салыстырмалы сөздері.
Ағылшын тілінде де салыстырмалы шырай бар: жұрнақ және көмекші есімдер арқылы сөз тіркесін жасауға болады. Қайсысын таңдау керектігін білгіңіз келсе сөздегі буын саны сөздің соңғы әрпіне мән бере қарайсыз.
• Егер сөз бір буынды болса, жұрнақ жалғанады:
cold — colder — the coldest, cool — cooler — the coolest, big — bigger — the biggest
• Егер сөз екі не одан да көп буынды болса көмекші сөз тіркеседі:
beautiful — more beautiful — the most beautiful
• Сөз "y" әрпіне аяқталса, жұрнақ жалғанады. Бірақ, "y" әрпі "ie" болып өзгереді:
funny — funnier — the funniest, sunny — sunnier — the sunniest

8. "Like" сөзінен кейінгі герундий 
Герундий — "ing" жалғанған етістік. Егер ойыңызды "like" етістігі арқылы жеткізгіңіз келсе, одан кейін міндетті түрде герундий қолданасыз.:
I like watching films.
Do you like jogging?
You don't like playing chess, do you?

9.Етістіктердің өткен шағы:
Көп жағдайда етістіктің өткен шағының екінші формасын қолданады. Ағылшын тілінде дұрыс және бұрыс етістіктер бар. Олардың өткен шаққа өтуі де әртүрлі. Дұрыс етістікке "ed" жалғауы жалғанса, бұрыс етістіктердің үш түрі болады. Бұрыс етістіктердің өткен шақтағы формасының тізімін кез келген ақпарат көзінен табуға болады.

10. Many, much, a lot
Ағылшын тіліндегі есімдер саналатын және саналмайтын болып жіктеледі. Саналатын есімдердің көп екендігін айту үшін "many" сөз қолданылады:
I have many dresses. — Менің көп көйлегім бар.

• Саналмайтын, соның ішінде сұйықтық заттарға "much" қолданамыз:
I don't drink much water. —Мен көп су ішпеймін.

• Егер не саналатын, не саналмайтынын анықтау қиынға соқса "a lot (of)" тіркесін жалпылама қолдана аласыз:
He doesn't watch a lot of TV, but he reads a lot of books. — Ол жиі теледидар қарамайды, бірақ көп кітап оқиды.

Ағылшын тілін оқып жүріп ереже шынымен бұзу үшін жасалғанын ұғуға болады. Жоғарыда аталған ережелер тілдің қаңқасы ғана. Ауыз-екі сөйлеу кезінде бұл ережелердің барлығы бір-ақ сәтте астаң-кестеңі шығады. Оны ұғу үшін тек ағылшын тілді ортаға ене білу керек. Музыка, фильм мен speaking club ондай кезде сізге көмекке келеді.Breathe in English!

Т. Есқали