English lessons: Ағылшын тіліндегі "әзіл"

Әзілдердің өзі әр мәдениетте әртүрлі болады. Бірі үшін артық ойсыз айтылған әзіл, біреуге дөрекі әрі тұрпайы көрінуі мүмкін. Ал енді бірі әзілден соң, ренжіп сөйлеспей қалады. Бүгін назарыңызға әзіл, юморға қатысты ағылшын тіліндегі тіркестерді ұсынамыз.
• Comedy – комедия
• Farce – фарс
• Fooling –ақымақтылық, әзілқойлық
• Jesting – әзіл
• Joking – әзіл, мазақ
 Kidding – балалық
• Pranks – тентектік, пранк
• Slapstick – дөрекі көңіл-көтеру.

Әзіл айтатын адам (a person who tells jokes) немесе ылғи күлкілі қылық жасайтын адамды "a comedian" немесе "a comedy actor" (комедиант) деп атайды. Егер әзілді әйел адам айтса оны "a comedienne".

"Joke" сөзінің жиі қолданатын синонимі "Gag" (әзіл, өткір әзіл). Егер адам сахнада тұрып, халық алдында әзілдесе оны "stand-up comedy" (эстрадалық комедия) деп атайды. Кішкентай топтың әзіл қойылымы —  "sketch" (скетч).

Әзілкеш белгілі бір ұйым, қоғам, билік немесе адамды келеке етсе, соны әзіліне негіз етіп алса оны "Satire" (сатира), "Lampooning" (дөрекі сатира), "Spoofing" (пародия) немесе  "Sending up" (мазақ) дейді. 

Әзілдің бірнеше түрі бар:

bad joke – (нашар әзіл) – қызықсыз әзіл
corny joke – (мезі болған әзіл) – бәріне анық әзіл
sick joke – (дөрекі әзіл) – адамның намысына тиетін әзіл
blue joke – (жалпақ әзіл) – боғауыз араласқан әзіл
racist joke – нәсілі мен тері түсін мазақ ететін дөрекі әзілдер.