Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / English lessons: Ағылшын тіліндегі қысқарған сөздер

English lessons: Ағылшын тіліндегі қысқарған сөздер

English lessons: Ағылшын тіліндегі қысқарған сөздер

Аббревиатура деген не? Бұл — қысқарған түрдегі сөздер немесе тұтас бір сөйлем. Бүгін ағылшын тілінде хаттарда, мәтіндер мен көшелерде кездесетін қысқарған сөздердің ең танымалдарын топтастырамыз:

1. ASAP – бұл тіркестің толық нұсқасы —  "as soon as possible", мағынасы — "мүмкіндігінше жылдамырақ". Дегенмен, бұл тіркесті теру ұзақ уақыт алатындықтан, оны қысқартуға тура келген. Мысалы:
• Give your reply ASAP – мүмкіндігінше жылдам жауап берсеңіз.
• Advise me of any changes ASAP – мүмкіндігінше жылдамырақ өзгеріс туралы хабарлаңыз. 

2. RSVP – француз тіліндегі "Répondez s’il vous plaît" сөзінің қысқарған нұсқасы. Аудармасы  — "өтінемін, тез жауап беріңізші". Егер сізге құрамында RSVP тіркесі бар сөйлем кездессе,  демек сізден дереу жауап талап етіп отырғанын ұмытпаңыз. 
Please RSVP by next Saturday – келесі сенбіге дейін жауап беруіңізді өтінеміз. 

3. RIPrest in peace – "жатқан жерін жайлы болсын". Бұл тіркесті жиі қайғылы, мұңды оқиғалар жаңалықтарының астына жазылған пікірлерден кездестіруге болады. 

4. BYOB – бұл тіркесті көбіне кеш ұйымдастыратын жастар қолданады: "Bring your own beer/booze" толық нұсқасының мағынасы —  "сыра немесе өзге алкогольді өздеріңмен ала келіңдер". Мысалы, біреу алкогольсіз кеш өткізуі мүмкін, ал, қалайтындар өздерімен бірге әкеледі. 
• 
We are making a party tonight. If you want BYOB – Бүгін бізде кеш. Қаласаңдар өздеріңмен бірге сыра әкеліңдер.
• There will be no alcohol at her birthday, so let’s BYOB — оның туған күн кешінде ішімдік болмайд, сондықтан өзіміз ала барайық. 

5. BBQ – мағынасы barbecueкәуап.
• 
We’re having a BBQ party, you are invited – Бізде кәуаппен кеш өтеді, сендерді соған шақырамыз. 

6. PIN Personal Identity Numberжеке сәйкестендіру нөмірі немесе ПИН-код. 
• Please tell me your PIN number – өзіңіздің ПИН-кодыңызды айтыңызшы, өтінемін.
• Enter your PIN to log in – жүйеге кіру үшін өзіңіздің ПИН-кодыңызды еңгізіңіз.

7. e.g. – exempli gratia —латын тілінен аударғанда — "мысалы".
• 
Many animals lay eggs, e.g. hens, peacocks, crocodiles, penguins – көптеген жануарлар жұмыртқа басады, мысалы, тауық, тоты, қолтырауын мен пингвиндер.   

8. i.e. – id est – латын тілінен енген тағы бір сөз бар. Мағынасы —"яғни". Егер бір нәрсені түсіндіру кезінде, қосымша ақпарат қосу керек болған жағдайда, қыстырма сөз ретінде осы қысқарған сөзді қолданамыз. 
• It happened on Halloween, i.e. October 31 – Бұл Хэллоуин кезінде болды, яғни, 31 қазан.

9. etc. – et cetera [it’setrə] – бұл тіркес те мәтіндерде жиі кездеседі. Бұл сөздың мағынасы — "тағы басқа". Тіркесті ақпаратты әрі жалғастырмай, сөйлемді аяқтау кезінде қолданамыз. 
• 
I’ve bought many things at the supermarket – eggs, butter, cheese, sausage, etc. – Мен супермаркеттен көп нәрсе сатып алдым: жұмыртқа, май, ірімшік, шұжық және тағы басқа. 

10. ATM – automatic teller machine – бұл банкомат.
• 
Is there any ATM close by? – жақын маңда банкомат бар ма?

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: Коллаж
Қосылған күні: 09 шілде, 09:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.