Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Қай мамандықта есалаңдар көп?
Қай мамандықта есалаңдар көп?

Ең алдымен терминнің мағынасына тоқтала кетсек. Есалаңдық - басқа адамдармен ұзақ уақыт көңіл-күй қатынасын ұстап тұруға шамасы келмейтін адамның әлеуметке қарсы, жемірлі, ең жоғары дәрежедегі күрт өзгерісі. Және өз кінәсін танып-біле алмайтын бұл кеселдің туындауына негіз ретінде тұңғиық тұйықтық пен менмендік, зұлымдық, күдік атаулы бастау болып жатады. 

Психолог Кевин Даттонның "Есалаңдардың данышпандығы" кітабында аталған жандардың қатары ең көп ұшырасатын және ең аз кездесетін он мамандық түрі берілген.

Есалаңдар ең көп кездесетін орта:

1. атқарушы директорлардың қатарында

2. заңгерлер

3. БАҚ өкілдері (телевидение, радио)

4. көпестер

5. хирургтер

6. журналистер

7. полицей қызметкерлері

8. дін басылары

9. бас аспазшылар

10. шенеуніктер

Есалаңдар ең аз кездесетін орта:

1. күтушілер

2. медбикелер 

3. терапевтер

4. қолөнершілер

5. стилистер

6. қайырымдылық қорларындағы қызметкерлер

7. ұстаздар

8. суретшілер

9. дәрігерлер

10. есепшілер

Екінші тізімдегі мамандықтардың басты міндеттері адамдармен араласу, аяушылық, өзгелерге бұйрық бермеу секілді қатарлардан тұратындықтан, есалаңдарды қызықтыра бермейді. Сондықтан олар бұл жақтан бой көрсетпейді. 

Ал бірінші тізімдегі мамандықтар маңызды шешімдерді қажет ететіндіктен, есалаңдардың қызығушылығын тудырады екен.

сурет:world.lib.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Дайындаған: Ла Лига

Қосылған күні: 19 қараша 2012, 12:50