Интроверттер не оқиды?

Егер сіз интроверт әрі кітапты сүйіп оқитын болсаңыз, сізге бірнеше кітапты ұсынамыз:

1. «Ғұламаның режимі. Ұлылардың күн тәртібі», Мейсон Карри

Карри өз кітабында атақты суретшілердің, жазушылардың, ғалымдар мен өзге шығармашылық адамдарының ерекше қасиеттерін, әдеттерін айтады. Сол арқылы оқырманға әрбір адамның өзіне тән қылығы бар екенін, одан ұялмау керектігін жеткізеді.  

2. «Интроверттер. Мінездің ерекшелігін қалай қолдану керек?», Сьюзан Кейн

Кейн экртраверттер бағаланатын әлемде өзіңнің болмысыңды ашуды, өзіңді түсінуді меңгеруге үйретеді. Оның кітабы әлемдік бестселлерге айналды. Әлемде 2 миллион көшірмесі сатылды.

3. «Дрейф. Ашық мұхитқа апатқа ұшыраған өнертапқыштың ғажайып тарихы», Стивен Каллахэн

Каллахэн мұхитқа апатқа ұшырып, 76 күнін өліммен күресіп өткізеді. National Geographic «Дрейф» кітабын 100  ең қызықты оқиғаға толы кітаптың бірі ретінде бағалады.

4. «"Бақыт" жобасы», Гретхен Рубин

Бір күні Гретхен Рубин автобуспен үйіне бара жатып, уақытын текке жіберіп жатқанын ұғады. Осыдан соң, ол «бақыттың» не екенін ұғуға шешім қабылдайды. Кітабында пайдалы кеңестер беріп, өзінің зерттеу жұмысымен бөліседі. 

5. «Сезімтал жан. Ессіз әлемде қалай жол табуға болады?», Элейн Эйрон

Эйрон ғылыми зерттеу жұмыстары мен жүздеген сұқбатқа сүйене отырып, аса сезімтал адамдарға өмір сүруді үйретеді. Бұл кітап неге кейбір адамдар үшін жалғыздықтың тиімді екенін түсіндіреді.

6. «Марсианин», Энди Вейер

Марк Уотни Марс ғаламшарында жалғыз қалып қояды. Ол енді Жермен байланыс жасайтын мүмкіндіксіз, аз тамақ қорымен өмір сүруге тиіс.

7. «Норвегия орманы», Харуки Мураками

Бұл есею хикаясы интроверттердің көңілінен шығар сөзсіз. Әсіресе, Муракамидің түсініксіз тіл орамы мен басты кейіпкердің әлемге деген көзқарасы таң қалдырары сөзсіз.  

8. «Интроверттің артықшылығы», Марти Лэйни

Лэйни интроверттер туралы тараған жалған аңыз әңгімелерге сараптама жүргізіп, олардың артықшылығын сипаттайды.

9. «Мен, Эрл және хал үстіндегі қыз», Джесси Эндрю 

Грег Гейнс – қарапайым жасөспірім. Досы Эрл екеуі классикалық фильмдерге пародия түсірумен айналысады. Оның өмірі рак ауруына шалдыққан қыз баламен танысқан сәттен бастап өзгереді.

Іске сәт, оқырман!