English lessons: құжат идиомалары

English lessons: құжат идиомалары
Фото: massaget.kz/Томирис Есқали

Ағылшын тілінде тура мағыналы сөздерден гөрі, тұрақты тіркестер (идиомалар) жиі қолданылады. Олардың тура мағынасын қабылдамай, құрылымын жаттап алу керек. Әйтпегенде біреудің ойын түсінбей қалуыңыз мүмкін. Бүгін назарыңызға күнделікті өмірде де, іскерлік ағылшын тілінде де жиі қолданылатын идиомаларды ұсынамыз.

1. The writing is on the wall – тікелей "қабырғадағы жазба" деп аударылады. Дегенмен, бұл идиоманы жақын арада өзінің жұмысын тоқтататын, сәтсіздікке ұшырайтын жобаларға байланысты айтады.

The writing is on the wall for your project, because nobody will finance it – Сенің жобаң іске аспайды, өйткені, оған қаржы бөлетін ешкім жоқ.

2. To be nothing much to write home about – "мақтанатындай ешнәрсе жоқ, мүлде қызық емес" — осылай ерекшелегі жоқ, әдеттегі нәрселерге байланысты айтады.

His new presentation was nothing much to write home about though the best specialists helped him with it – Оған ең жақсы мамандар көмектессе де, оның жаңа көрсетілімінде ерекше еш нәрсе болған жоқ.

3. Pen pusher / paper pusher – бұл тіркес кеңседе аса маңызы жоқ, жұмыс істеген кейіп танытқанымен, ешқашан бір істі аяғына жеткізбейтін адамды суреттейді.

I spent two months as a pen pusher and now want a real case – Мен екі айымды кеңседе бос өткіздім, енді шынымен жұмыс істеймін.

4. Not worth the paper it’s written/printed on – "бұған артық парақ құртудың қажеті жоқ еді" – тіркес құны жоқ, бос құжаттарға байланысты айтылады.

The agreement you have signed with your employer isn’t worth the paper it’s written on – Сенің жұмыс берушіңмен келісімшартың түкке тұрмайды.

5. Put pen to paper – бұл тіркес "жазып бастау" деген мағына береді.

I need your reports today, so don’t lose time and put pen to paper – Сіздің есебіңіз маған бүгін керек, сондықтан, уақыт жоғалтпай жазып бастаңыз.

6. A poison-pen letter – бұл қорқыту, жала жабу немесе бопсалау мақсатында жазылған аноним хат.

Internet is a perfect means to send poison-pen letters – Интернет аноним хаттар үшін таптырмас орын.

7. A paper trail – "құжат ізі" – дәлел не куә болатын құнды құжаттар.

Unfortunately we couldn’t find any paper trail of his explorations – Өкінішке орай, біз оның зерттеу жұмысына дәлел болатын ешқандай құжат таба алмадық.

8. To give someone their walking papers или marching orders – Жұмыстан шығару жөнінде құжатты алу. Егер сіз біреуге walking papers берсеңіз, демек, сіз одан орынсыз қылығы не жұмысына салғырт қарағаны үшін қызмет орнын босатуды талап еткеніңіз.  

My boss is calling me! I’m afraid he will give me my walking papers – Бастық мені шақырып жатыр! Мені жұмыстан шығара ма деп қорқамын.

9. A paper chase – кейде жетістікке жетелейтін жол адамды әуреге салады.

Getting financing of your project was a paper chase – Сіздің жобаңызға қаржылай көмек алу біраз әуре-сарсаңға салды.

10. Paper over the cracks  бұл мәселені шешудің орнына, оны тығып, жасырғанда айтады. Мысалы, тексеріс келер алдындағы мектеп, аурухана мен өзге де қызмет орындарының күй-жайын айтуға болады.

Let’s not paper over the cracks and try to find a solution of this problem – Мәселені жасырмай, оның шешімін тапқанымыз жөн.

11. Red ink – "қызыл бояу", бұл идиоманы компанияның табысынан айырылып, қарызға батқанын суреттеу үшін қоладанады.

Our company is spilling red ink and very soon we’ll have no clients – Біздің компанияның табысы азайып жатыр, болашақта клиенттеріміз болмайды.

12. The ink is not dry/still wet – тікелей "сиясы кеппеген" деп аударылады. Жақында не тап қазір дайын болған құжатқа байланысты айтады.

The ink on our supply contract is still wet/isn’t dry, so it is too early to speak of our profitability – Дәл қазір біз ғана келісімшартқа қол қойдық, сондықтан, оның өнімділігі туралы айту әлі ерте.

Т. Есқали