English Lessons: "head" сөзімен байланысты тұрақты тіркестер

Ағылшын тілінде қолданылатын идиомалар осы тілді игергісі келетіндер үшін қиынға соғып жатады. Бұл мәселені оңай жеңудің жолы – әр идиоманың мәнін түсіну.

Бүгін "head" сөзімен тікелей байланысты тұрақты тіркестерінің жинағын жасадық:

1. Keep one’s head — бұл тіркесті қолдану арқылы адамның қандай жағдай болмасын, эмоцияға ерік бермей, өзінің салқынқандылығын сақтап қалатынын көрсетуге болады.
• He always keeps his head. – Ол әрқашан өз-өзін жақсы ұстайды.

Егер бұл тіркесті жалғастырсақ — to keep one’s head above the water – бұл "қиындықтармен күресе біледі" деген мағына береді.

2. Enter smb’s head – мағынасы "ойына келу".
• After that idea entered my head, I was able to alter the experiment and finally achieve some success. – Бұл идея ойыма келген соң, тәжірибе жұмыстарына өзгеріс еңгізе алдым және нәтижеге қол жеткіздім.

3. Bring something to a head / bring matters to a head – шегіне жету, дағдарысқа алып келу.
• Management’s newest policy has brought matters to a head – басшылықтың соңғы саясаты дағдарысқа алып келді. 

4. Head is in the clouds. – бұл тіркесті ылғи қиял құшағында жүретін адамдарды сипаттау үшін қолданады.
• The boy has his head in the clouds and does not think about what is going on around him. — Бұл бала ылғи қиялдап жүреді және ешқашан айналасында не болып жатқанына мән бермейді..

5. Егер жасап жатқан жұмысының мәнін түсінбесе, адам міндетті түрде "I can’t make head or tail of this" дейді.
• I’ve been working with the new software for hours, but I still can’t make heads or tails out of it. – Мына бағдарламамен жұмыс жасап жатқаныма бірнеше сағат болды, әлі түсіне алар емеспін.  

6. Over smb’s head – кезекті өте қызықты тіркестің мағынасы —  тым қиын, түсініксіз.
• All this technical stuff is way over my head. – барлық техникалық қызметтер мен үшін тым түсініксіз.

7. Do smth. standing on one’s head.– кез келген істі қиындықсыз, оңай жасау.
• I can write this article standing on my head – мен үшін мына мақаланы жазу мүлдем қиындық тудырмайды.

8. Be off smb’s head. – ақылынан адасу, есін жоғалту дегенді білдіреді.
• Are you off your head? – сен ақылыңнан адастың ба?

Қай тіркесті жиі естисіз?