English lessons: көп мағыналы сөздер

English lessons: көп мағыналы сөздер
Фото: freepik.com

Ағылшын тіліндегі бірнеше сөз кейде етістік, кейде зат есім түрінде әр түрлі мағынада қолданады. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз:

GO

Етістік тұрғысында:
 
He goes to work every day by bus – Ол күн сайын жұмысқа автобуспен барады.
 I often go to the hairdresser’s – Мен шаштаразға жиі барамын.
● Will you go shopping with me? – Менімен бірге дүкенге барасың ба? (бару, жүру, қозғалу)
 How are things going at work? – Жұмыстың жағдайы қалай?
 I think the meeting will go well – Меніңше, кездесу жақсы өтеді  (өту, болу, орын алу)
 go blind/deaf/grey/bald – Көзі көрмей қалу/құлақ естімей қалу/шашы ағару/шашы түсіп қалу: My granny went deaf and blind before she died – Менің әжем есту және қабілетінен айырылып қалды.
 go wild/crazy – Есінен адасу.
 She went crazy when she learnt of his cheating me — мені алдап жүргенін білген кезде, ол есінен адасты.
 go bad/sour/rotten – бүліну/ашып кету/шіру (тағамдар туралы):  The fruit will go rotten – жемістер шіриді.
 Time goes fast and you are a grown up now– Уақыт тез өтіп кетті және сен ер жетіп қалдың.

Зат есім және зат есімен бірге тіркесетін кезде:
● You must have a go at making the pie– сен бәліш дайындап көруің керек.
● The boy gave making snowman a go  — балақай ақшақар жасауға тырысты (Бір нәрсе жасауға тырысу)
● He ate the whole cake in one go – ол торттың барлығын жеп қойды.
● It’s all go We haven’t had a minute’s rest! – бүгін сондай мазасыз күн болды.  (жоғары белсенділікті атап көрсету үшін қолданылады.)

Етістікті тіркестер:
● As this book goes, knitting is very fascinating – егер мына кітапқа сенсек, тоқыма қызықты — іс. (дереккөзкөрсеткенде)
● I know you will go far in science – сенің ғылым жолында алысқа баратыныңды білімін. (бір нәрседе жетістікке жету)
● I want to go it alone – өзім жасағым келеді (өзгенің көмегінсіз жұмыстану)
● Don’t you think she has gone too far? – шектен шықты деп ойламайсыңдар ма? (өзын орынсыз ұстау)

PLAY

Етістік тұрғысында:
● 
We play football every day – біз футболды күн сайын ойнаймыз.
● The orchestra will play the symphony tonight  — бүгін оркестр симфония ойнайды.
● I like this song so much that played the tape thousands of time – Мынау әндіжақсы көретінім сонша, жазба мың рет ойнатылды.
● He played the part of Napoleon in history film – Ол тарихи фильмге Напальеон рөлін сомдады.  

Зат есім және зат есімен бірге тіркесетін кезде:
● I want to see a play by Show  — Мен Шоудың пьесасын көргім келеді.
● The new rules will come into play soon – Жаңа ережелер жақында күшіне енеді (күшіне ену)
● He loves play on words – Ол сөздермен ойнағанды жақсы көреді

Етістікті тіркестер:
● If she plays her cards right, she might find a better job – Егер ол бар мүмкіндігін қолдана алса (орынды әрекет ету), одан да мықты жұмыс табар еді.
● We must play for time in our situation – Біздің жағдайымызда уақыт соза тұруымыз керек.
● You have to play it safe when dealing with children– Іс балалармен қатысты болғандықтан, қатер төндіретін істен қашқаның абзал.

CUT

Етістік тұрғысында:
● 
Cut the cheese while I shall cut the bread – Мен нан турап жатқан кезде, сен ірімшікті тіл.
● You will cut your finger with this sharp knife – Мына өткір пышаққа қолыңды кесіп аласың.
● If you don’t cut the price, nobody will buy your goods – Егер бағаны түсірмесеңіздер, ешкім сіздің тауарды сатып алмайды.
● The electricity was cut off for non-payment of bills – Электр тоғын ақшасы төленбегендіктен кесіп тастады.
● This incident has cut off my hopes for the future – Мына оқиға менің болашақтан үмітімді кесті.
● This unsuccessful scene must be cut (cut out) from the movie – Мына сәтсіз кадрды фильмнен кесіп тастау керек.

Зат есім түрінде:
● 
The cut was so deep that she had to go to the clinic – Кесік орны тым ауыр болғандықтан, ауруханаға баруға тура келді.
● Our state’s budget is full of cuts – Біздің мемлекеттік бюджеттің кем-кетігі көп.
● I’m looking for a filet cut of beef to make the roast beef – Қуырдақ жасау үшін сиырдың жон етінің тілімін іздеп жүрмін.
● Everybody liked the modern cut of my dress – Мен көйлегімнің сәнді пішімі бәріне ұнады.

Етістікті тіркестер:
● 
If you want to fulfil the order in the time you have to cut corners – Егер тапсырысты уақытында қаласаңдар, қулыққа баруға тура келеді.
We were lucky to cut a deal bringing us some money – Бізге аздаған қаржы алып келетін келісімшартқа отырған біздің жолымыз болды.
● I had to cut our honeymoon short because we were short of money – Ақша жетпегендіктен бал айының уақытын қысқартуға тура келді.

UP

Үстеу: She was shouting so loudly that her voice was heard up in our neighbour’s flat – Оның қатты айқайлағаны соншалықты, оның дауысы жоғарғы қабаттағы пәтерге естілді.
 My little son looked up at me – Менің балам маған (жоғары) қарады.
 Everybody stood up – Бәрі орнынан тұрды.
Көмекші сөзі: We climbed up the mountain – Біз тау шыңына жеттік.
 We went up to town – Біз қалаға қарай жол жүрдік.
Сын есім: the up escalator – Жоғары көтерілетін эскалатор.
"To be" етістігінен соң: I was up early today – Мен бүгін ерте тұрдым
 Prices for meat are up – Еттің бағасы қымбат
 I knew something was up – Бірдеңе болғанын білемін.

Етістікті тіркес:
● We spent about $1000 at a restaurant for French dishes, but the food wasn’t up to much – Мейрамханада француз тамағына $1000 жуық ақша жұмсадық, бірақ тамақ аса дәмді болған жоқ:(дәмді).
● She should have come already. Something must be up – ол бағана келу керек еді. Жаман бірнәрсе болып қалмады ма екен?
● She is up to her neck/ears/eyes in work – Ол бар ойымен жұмыста.
● What’s up? She was so nervous – Не болды? Ол сондай мазасыз көрінді.

HAND

Зат есім түрінде:
● In 10 hands we’ll perform this work quickly – 5 адамның көмегімен (10 қол)  біз жұмысты тез бітіреміз.
● Would you be so kind as to give me a hand to lift this box? – Қорапты көтеруге көмектесіп жібересіз бе?
● He needs a hand with chopping woods – Отын жару үшін оған көмек қолы қажеті.

Зат есімді тіркестер:
● These two industries go hand in hand with each other – Өнеркәсіптің бұл екі саласы қатар дамып келеді.
● My promise has tied my hands  — Бергем уәдем қолыма тұсау болды.
● He has his hands full with the work – Оның қолы жұмыстан бос емес.
● My life is in your hands – Менің өмірім сенің қолыңда.

Етістік және тұрақты тіркес:
● 
Hand me your passport please – Пасспортыңызды маған (менің қолыма) беріңіз.
● I want to hand the money back to him – Мен оған ақшасын қайтарғым келеді.
● All reports should be handed in by the end of this week – Барлық есепті осы аптаның аяғына дейін өткізу керек.
● The lecturer has handed out the test papers to all students – Лектор студенттерге тест сұрақтарын таратты.
● I handed the apple over to Robert – Мен Робертке алма ұсындым.

Т. Есқали