Журналист этикасы: "Майдан алаңындағы тілші"

Журналист этикасы: "Майдан алаңындағы тілші"
Фото: freepik.com

Майдан алаңына аттану барысында журналистерден этикалық тұрғыдан өздерінің жұмыстарына басынан бастап жауапкершілікпен қарау міндеті жүктеледі. Жұмыс барысында олардың алдынан бірнеше тосқауылдар туындауы мүмкін. Соған қарамастан, қарулы күштердің қорғауынсыз тәуелсіз түрде жұмыс жасауды тоқтатпау керек. Сол себептен, оларды майдан алаңыына іссапарға жіберетін БАҚ немесе мекеме және журналистің өзі бұған моральді түрде және физикалық түрде дайын болуы шарт.  

Дегенмен, іс жүзіне келгенде журналистердің басым бөлігі еш дайындықсыз барады. Майдан ортасында өздерін қалай ұстау керектігін білмейді немесе өте таяз ақпаратпен барады, өздерінің бара жатқан аймағының қазіргі жағдайынан бейхабар болады. Одан бөлек, өз құқықтары мен міндеттерін толыққанды білмейді.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі 2006 жылдан бастап майдан алаңында өлтірілген журналистер үшін ешқандай жазаның болмайтындығы толғандырып, олар бұған нүкте қою үшін іс көтере бастады. 2012 жылы БҰҰ басты агенттіктері "Журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрекетінің жоспары" (‘Action Plan on the Safety of Journalists’) атты құжатты қолдады. Бұл құжат журналистерге арналған: олардың құқықтары, мемлекеттің БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттері мен олардың мүмкіндіктері.

Дегенмен, журналистердің ішінде саусақпен санарлығы ғана қарулы қақтығыстар кезіндегі өздерінің халықаралық құқықтарын біледі. Одан бөлек, олар журналистердің майдан барысында қаншалықты маңызды екенін де мойындайды. Мысалы, Женевалық конвенция журналистер мен БАҚ өкілдері үшін арнайы қорғау орталығын ұйымдастырған. Бұны толыққанды айқас алаңы, азаматтық қақтығыс мен шағын аймақтық көтеріліске қарамастан, кез келген комбатант білуі тиіс және оған сыйластық танытуы шарт.

Бүгінде жаңалық – жоғары бағаға сатылған ақпарат. Қақтығыс барысында соғыстың қанды бейнесі мен өлім құшағындағы әскерлердің суреттерін беру – тәжірибелі, нағыз маман жөн санайтын нәрселердің қатарына жатпайды.

Мысалы, Рой Гутман мен Дэвид Риффтің "Майдан қылмысы: қоғам нені білуі тиіс" (Crimes of War: What the Public Should Know) атты кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапты жазу барысында журналист, заңгер мен ғалымдардың пікірі алынған. Кітап мазмұны қоғамның соғыс заңдарын, оларды қақтығыс жағдайында іске асыруын және саясаткер, бүкіл қоғам және журналист арасында халықаралық гуманитарлық құқық негізінде өзара түсіністігінің туындауын сипаттайды.

Барлық ақпарат мысалдар арқылы түсіндіріледі: алдыңға қатарлы тілшілерге қақтығы алаңына қару-жарақсыз кіруге кеңес береді. Fox News Channel арнасынан  Geraldo Rivera Ауғанстан аймағынан түсірілген репортаж барысында камерамен бірге қару алып жүрген. Дегенмен, оның әрекеті көптеген журналистер мен басылымдардың шамына тиген. Өйткені, 2007 жылы олардың бейтарап ортаны ұстанатынына кедергі келтіретіндіктен өздерімен бірге қару алып жүруге тыйым салынған.

Одан бөлек, журналистер тұтқын болуы немесе тыншы ретінде танылып атылып кету қаупіне ие болса да, әлемдік гуманитарлық құқық бойынша әскер қорғауы арқылы "саяхаттап" жүрген журналист азаматтық қоғамның бір бөлігі екенін ұмытпағаны жөн. Олар тұтқынға алынған жағдайда, әскери тұтқын ретінде қарастыралады. Майдан алаңында оларға қоқаң-лоққы көрсеткен немесе оларды жазалаған адам сотқа тартылып, халықаралық құқық негізінде жауапқа тартылады.

Бұның барлығы – теория. Мәселенің барлығы бүгінде журналистердің барлығы тыңшылық қызметін атқаратындығында. Олардың арқасында қақтығыстардың өршуі жиілеп кетті.

Этикалық тұрғыдан қақтығыстың бағыты мен болмысына қарамастан олардың қағидалары өзгермеуі тиіс. Мысалы, қақтығысты баяндайтын журналист жергілікті тұрғындардың көмегіне сүйенеді – аудармашы, жүргізуші, ақпарат беруші. Сондықтан, журналист оларға тиісті түрде қол ұшын тигізіп, өтемін беруі тиіс. Өйткені, кез келген жағдайда жергілікті тұрғын ғана көмектесе алады.

Майдан алаңындағы журналистің басты қағидасының бірі – ақпарт көзін қорғау. Әсіресе, мұның маңыздылығы адам өміріне қауіп төнген сәтте арта түседі. Олар қандай жағдай болмасын ақпарат тасымалдаушының есімін атап, түрін түстемеуі тиіс. Егер кейін оларды ұстап беретінін білсе, ақпарат беруден бас тартады.  Дегенмен, кейде қысым көргенде биліктігілермен амалсыз бірге жұмыс істеуге тура келетін сәт туады.

Майдан алаңында журналистер өздерінің негізгі міндеті оқиға орнынан тек шынайы ақпараттарды жеткізу, өзінің мансабын асыра пайдаланатындарды әшкерелеу және деректер мен ақпараттарды тарау екенідігін ұмытпауы тиіс. Олар қақтығыс қатысушылары емес, өзгелердің қайғысы мен «ұлтжандылыққа» үгіттеу барысында өздерінің кәсіби біліктілігін алға қойғаны жөн.

Т. Есқали