Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Журналист этикасы: "Фотожурналистика сенсация емес, ол – адами мәселелер xақында"

Журналист этикасы: "Фотожурналистика сенсация емес, ол – адами мәселелер xақында"

Журналист этикасы:

"Бала кезімде босқынның кім екенін білмеуші едім, кейін солардың бірі болдым".

Залмай (Zalmaï) балалық шағын Ауғанстанда өткізеді. Кейін 1980 жылы кеңес әскері басып кіргеннен соң елінен қашуға мәжбүр болады. Ағасы екеуі таулы ауыл аймағымен контрабандалар арқылы, ауған-пәкістан шекарасына жетеді. Сол жерден ол саяси баспана іздеп, кейін Швейцарияға аттанады. Ол Лозанна қаласында тұрақтайды. Бала кезінен фото саласын зерттеп, 1989 жылдан бастап босқындарды суретке түсіре бастайды. Оның көздегені босқындардың хикаясын әлемге фото тілі арқылы жеткізу болатын. "Мен өз әріптестеріме жағу үшін немесе New York Times басылымында өз есімімді қалдыру үшін жұмыс істемеймін. Фотожурналистика сенсация емес, ол адами мәселелер xақында болуы тиіс".

© Zalmaï

Залмай босқындардың өмірін суретке түсіру үшін Ауғанстанға бірнеше рет барады. Кеңестік шабуыл кезінде 6 миллионнан астам босқын ретінде елден кетеді. Дегенмен, 1988 жыл мен 2000 жыл аралағында 5 миллионға жуығы қайта оралады. Сол уақытта билікке талибтертардың келуі олардың  елге қайта оралуында мәселелер тудырды. 2001 жылдан кейін АҚШ-тың талибтерге қарсы басқыншылығында Ауғанстан жағдайын суреттеу үшін шетелдік фотографтар мен журналистер ағылып келе бастайды. "Көптеген журналистер елде не болып жатқанынан бейхабар еді. Олар тек арнайы қаруланған аймаққа ғана келді. Ауғанстанның тарихын баяндау мен бір әскердің тарихын баяндау ешқашан теңесе алмайды, екеуі бөлек нәрсе" – дейді Залмай. 

Залмай бір сөзінде шетелдік әріптестеріне қарағанда оның өлім құшу мүмкіндігі екі есе жоғары екенін айтқан. Өйткені, ол ұсталса, талибтер үшін ол сатқын болып қалмақ. Соған қарамастан ол зерттеуін тоқтатпаған.

Әр түрлі халықаралық басылымдар үшін суретке түсірген Залмай кейін Human Rights Watch (Адам құқығын бақылау) ұйымына жұмыс істейді. "Әңгіме саясат жайында емес, қиындық туралы да емес, қай мемлекет мықты не әлсіз, қай жерде соғыс не бейбітшілік жайында емес. Бәріміз адам баласымыз. Біз шығыс пен батыс арасында байланыс орнатуымыз шарт. Мен өзімді соның көпірі санаймын". 

Босқындардың өмірін сипаттаудағы этикалық дағдарыс:
Көптеген журналистер қақтығыстар мен оқиғаларды бейнелеу барысында "нарықтық сұранысты" қанағаттандыру үшін жұмыс жасаймыз деген оймен келеді. Олардың басты мәселесі – халықтың басым бөлігін өзіне қаратудың амалдарын қарастыру идеясын жұмыс істеуі. "Насихаттау үрдісінің бір бөлігі ретінде жұмыс істейді. Адамдарды "дағдарыс" кезінде суретке түсіру – голливуд фильмі емес. Олардың шынайы әлемнің шынайы оқиғалары бар адамдар екенін ұққан жөн. Біздің жұмысымыз – адами болмысымызды сақтап қалу". Лесбосқа саяхатынан соң Залмай фотографтардың басым бөлігі драмаға толы суреттерді түсіру үшін жұмыстанатынын айтты. Бұл аймақтың журналистік және гумандық "туризм" саласын "дамытып" жатқан, БАҚ өкілдері "баруға тиісті аймақтар" тізіміне енгенін айтты. "Олар көтеріліс толқынын асыға күтті. Тіпті, күн көзінің шыққандығына қапаланды. Өйткені, олардың ойынша күн драмаға толы кадрды бұзуы мүмкін".

Ол жағалауға босқындар толы қайық келгенде олардың түра жүгіріп, соларды суретке түсіргенін айтты. Кейін кері қайтқан. "Олар тіпті адамдармен сөйлескен жоқ". Әлемдеі босқындар саны 60 миллионға жеткенімен байланыстыра отырып, Залмай былай дейді: "БАҚ өз аудиториясына қорқыныш дәнегін себуді қою керек. Бұл Еуропадағы дағдарысқа да байланысты. Сандық ақпарат адамдарды қорқытады. Сан көрсетілген сәтте адам өздерін сол оқиға әлдеқайда жақын сезінеді", – деп айтты.  

© Zalmaï

Залмай "Dread and Dreams" - 2008 және 2013 жылдар аралығындағы Ауғанстандағы соғыс жайында суреттер кітабын жарыққа шығарады. Өлі денелерді көрсеткеннен қашатын ол, тек бір суретінде ғана ажал құшқан адамды көрсетеді. Қан-жосадан гөрі, олар майданды басынан кешіріп жатқан адамдардың оқиғасын баяндайды. Ол фотожурналистерге былай кеңес береді: "Өзіңнің тақырыбынды түсінуге тырыс, тыңда және адамдарға жақын бол. Айуандықтан безін, керегіңді ал да, өз еліңе орал. Бер. Оларда ешнәрсе жоқ. Оларда қалғаны – қадір-қасиет. Енді олардан оны айыра көрме".

Дереккөз: ethicaljournalismnetwork.org
Аударған: Томирис Есқали

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: ©Zalmaï, "Dread and Dreams" кітабынан, fullhdworld.com
Қосылған күні: 30 сәуір 2019, 15:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->