Қолға қарап адамның жасын біл!

Қолға қарап адамның жасын біл!

Нью-Йорктың белгілі хирургы Скотт Зевон адамның жасын қолға қарап білуге болады дейді. Әңгіме тек әжімденген қолда болмай шықты. 

1. Жасқа қарай түсетін дақ - адамның қолға ұстап көрмейтін заты жоқ. Тіпті, әйел заты күннен қорғанатын кремдерді жаққан күннің өзінде жас ерекшелігін анықтайтын секпіл мен оңған дақтың іздері болады. Әсілі, олар көп болған сайын, адамның жасы да үлкен деген сөз. 

2. Көмескі тартқан тері - адам қолында майлылық аз болады, сол себепті жыл артқан сайын жұқара түседі. Сән салондарында арнайы толтырылып тұрмаса, онда қолдың көмескілігіне қарап жасын ажыратуға болады екен. 

3. Қолдағы әжімдер - әжімдер - қартаюдың ең басты көрінісі. Сондықтан қол күтімі үнемі жұмсартып тұрғанды қажет етеді. Дененің басқа бөліктеріне қарағанда қолды көп жуа беретіндіктен, алғашқы кебу мен әжімдер қолға түсе бастайды.  

4. Созылыңқы тері  - жұмсақ тері жылдан-жылға жасушаның жетіспеуі салдарынан созыла түседі. Бұл да бір үлкен жасты айғақтайтын себеп. 

5. Күретамырлар - Жыл артқан сайын қолға барып тұрған күретамыр сіңір секілді тарамыстана бастайды. 

сурет:authenticallydesignedsolutions.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига