АҚШ және Ұлыбритания: тағам атауындағы айырмашылықтар

АҚШ және Ұлыбритания: тағам атауындағы айырмашылықтар
Фото: tvc.ru

Кейде америкалық және британиялық ағылшын тіліндегі айырмашылық бірден байқалады. Кейде олардың дыбысталуында болса, кейде сөздің түбегейлі өзгерісі де көзге түседі. Мектептер мен білім ордаларында біз британдық акценті үйреніп, дыбысталуы мен сөздік қорды молайтамыз. Бірақ, болашақта АҚШ-қа саяхаттап бара қалсаңыз, мына сөздерді кездестіруіңіз әбден мүмкін.

Biscuit (крекер, тәттілер)
Ұлыбританияда бұл сөз крекер немесе тәтті бәліштерді білдіреді. Ал, АҚШ-та бұл мағынаға ие –“cookie”  сөзі. Америкада “biscuit”  сөзі жұқа наннан жасалған ыстық әрі ащы тағамды білдіреді.   

Chips (картофель фри)
Америкада “chips” ала келуді сұрасаңыз, сізге күнделікті өмірде қолданатын картоптың жұқа тілімдері чипстерді ұсынады. Ал, Британияда “fries” (АҚШ) деп аталатын жаңадан қуырылған картоп тілімдерін аласыз: Британияға барып, чипсте жегіңіз келсе, сөздік қорыңызда“crisps” табылуы шарт.

Sorbet / sherbet (жеміс балмұздағы)
Жеміс шырындарының мұздату арқылы жасалған десертті британдықтар «sorbet» деп атаса, америкалықтар «sherbet» деп атайды.

Сourgette / zucchini (цукини)
Бұл екі сөзде өзге тілден енген сөздер. Ағылшындықтарға француз тілінен  “courgetee” сөзі қоладнысқа енсе, америкалықтар бұл сөзді ”zucchini” итальян тілінен алған

Fish fingers / fish sticks (балық таяқшалары)
Балықтан жасалып, сырты қытырлап, майға қуырылған таяқшаларды Британияда “fish fingers”  деп атайды, АҚШ-та – “fish sticks”.

Т. Есқали