Facebook және қоштасудан кейінгі достасу

Facebook және қоштасудан кейінгі достасу

Ғалымдар әлеуметтік желілердің адам өміріне ықпалын анықтай алды: көптеген адамдардың шектен шыққан мейірімсіздігін көру адамның бір арнадан табылуына қиындық келтіреді. Қарапайым тілмен айтсақ, өмірімізді жақсарту мақсатында жасалып жатқан технологиялардың барлығы-бәрісі тұрмысымызды қорқынышқа айналдырып жіберуі мүмкін. Ендеше, Марк Цукербургтің бала кезден келе жатқан адамдарды бақытты қылуға деген арманының қаншалықты дұрыс екенін пайымдап көрелік.

Нобель сыйлығының лауреаты, психолог Даниэл Канеманның сөзіне сенсек, онда адам баласы ешқашан өз бақыты жолында дұрыс шешімге бара алмаған. Пайымдаудың аздығынан емес, Канеманның тілімен айтқанда «фокус иллюзия» деген әлемнің ішінде өмір сүргендіктен. Мәселен, жоғары технологияны пайдала отырып сіз өзіңізге керек нәрсені таба алдыңыз ба? Әлде бағалай алдыңыз ба? Бір ғана мысал ала кетсек, бүгінгі таңда әр адамның фейсбукте өзінің жеке аккаунты бар. Әрине, көптеген адамдармен хат-хабар алысып тұруға, байланыс орнатуға табылмас орталық. Алайда, аккаунт адамның бақытқа жету жолын қиындатпаса, жеңілдетіп көрген емес! Әсіресе, бір-бірінен ажырап кеткен жұптарға?!

Көптеген адамдар фейсбукты романтикалық байланыс орнату мақсатында пайдаланады. (Жақында ғана ғалымдар осыны анықтады). Және бір-бірінен ажырап кеткен жағдай да аккаунт арқылы жиі-жиі бақылап отырады. Мұны қазақы тілмен айтқанда: «ұрлық жасайды!».

Адам баласы көзқарасын өзгерте отырып, тағы да өзгерткенін білмей де қалады. Мұнысымен қоймай, өмір бойы өзгерген жаңағы көзқараспен келе жатырмын деп сендіреді. Сосын барып жоғалғанның орнын толықтыру мақсатында ақылға сыйымсыз қауіп-қатерлерге барады.

Бұрынғы жұптардың қайтадан жарасып кетуі тым оңай болып көрінетін. Иә, ол кезде әлеуметтік желі деген атымен жоқ болатын. Есесіне сол кездің адамдары арадағы байланысты қайта орнату мақсатында телефон сұрап, достарға өтінішін жасап, терезелерден секіріп жүретін.

Ажырап кету өмірде қалай болады? Бірінші кезекте оған тәуелді екеніңізді сезесіз. Екінші кезекте «мен» деген сөздің орнына «біз» деген ұғым енеді. Және қоғаммен бірлесіп өмір сүруді үйренесіз. Бірақ, екінші жақтан, ажырау арқылы көп жағдайда сіз өзіңізді жоғалтып аласыз. Соған қарамастан, әр күннің парағын аударып салып, түк болмағандай өмір сүре беруге тырысамыз. Ішіміздегі әлгі когнитивтік байланыс өрши түседі. «Достықтың иллюзиясымен» достаса бастайсыз. Айтыңызшы, неге бұлай?

Ажырап кеткеннен соң дос болып қалу жақсы идея болып табылмайды. (Өзіңізді осылай алдап жүрсіз бе?) Тіпті, ол сізді тастап кеткен жағдайда... Жақында Ратгерс университетінің профессоры Хелен Фишер таяуда ғана айырылысып кеткен жұптардың ми бөлігін суретке түсіріпті.

Анықталғандай, айырылысып кеткен жұптардың ортаңғы ми бөлігіндегі ашу мен ызаға, кек пен налаға жауап беретін орталығы жанданып кетеді екен. Өз кезегінде мақсатқа төте жолмен жете аласыз. Алайда, «романтикалық ұғым» өзгеріп кетуі мүмкін. Бар болғаны, сіздікі мақсатқа жету ғана болып қалады.

Тағы да зерттеуге орала кетсек: фейсбукте қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюға тырысқан жұптардың көп жағдайда үміттері желге ұшатын болып шықты.

Кешіріңіз

Бір-біріне адал жұптар өмір сүрмейді. Сізге ата-анадан артық бақыт сыйлайтын немесе бала кездегі шаттықтан артық қуаныш тарту ететін жан кездесіп көрді ме?

Өмірде қамқорлықпен қарап, жанашырлықпен жылы ұшырап, аялап жүретін достар көп. Бірақ, олардың барлығы дерлік үлкен қарым-қатынастан тартыншақтайды...

Біздің денеміз миға қарағанда ауырлықты ұзаққа сақтайды. Егер алда-жалда кешіретін болсаңыз, жан дүниеңізбен кешіріңіз. Сонда барып қана бойдағы жүрген жаман естеліктер тасада қалады.

Беріліңіз

Бұрыннан келе жатқан өкпе мен ашу-ызаға жауаптыны іздеу уақытша ғана нәрсе. Ең дұрысы, уақытша келетін ауысымдарды қуанышпен еңсерген дұрыс. Бәрін де мойындаңыз. Бәрі де өз орнына келеді.

Жіберіңіз

Өмір бізге көп нәрсені қоштасу үшін сыйға тартады. Көп нәрсе сыйластық үшін жалғасып келеді...

Адамдар көбіне өздеріне не керегін дұрыс білмейді. Ақырында айырылып тынады. Оған екі жақ та кінәлі емес.

сурет:woman.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига