Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Ұлт ұстазының ең алғашқы оқулығы әл-Фараби кітапханасында сақтаулы

Ұлт ұстазының ең алғашқы оқулығы әл-Фараби кітапханасында сақтаулы

Ұлт ұстазының ең алғашқы оқулығы әл-Фараби кітапханасында сақтаулы

Ұлттың мәдени, рухани мүддесін одан әрі мығымдау үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. Елбасы соңғы жолдауында айтылғандай: "Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс". Бүгінгі күн азаматы рухани тұрғыда кемеліне келуі үшін ғылым мен білімнің игілігіне қызмет етуі керек, өткенін қайта жаңғырту керек. "Рухани жаңғырудың" ең келелі факторларының бірі – тарихтағы ғылым мен білім мүддесіне жасалған жәдігерлерді жаңғырту. Бұл фактор біздің қоғамда өз дәрежесінде іске асып жатыр. Алаштың ардақтысы, қазақтың ақыны, ұлт ұстазы, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы ташкентте жарық көрген «Әліп-би» оқулығы Алматы қаласында орналасқан әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында сақтаулы тұр. Өткен ғасырдың басында қазақ баласының жазу үлгісіне айналған. Қазір Қытайдағы қандастарымыз қолданып жүрген «төте жазу» үлгісі жүйелі түрде осы әліп-биден бастау алған.

Ең алғаш Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

Айта кетерлігі кітапхана директоры Туенбаева Қалима Төлеубайқызының айтуынша «Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханада концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады».

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – студенттер мен магистранттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық. Ғылыми кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен 16-19 ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылымдар жинақталған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: jebeu.kz
Қосылған күні: 06 мамыр 2018, 13:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.