Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Шет тілді қай жастан бастап үйренген жөн?

Шет тілді қай жастан бастап үйренген жөн?

Шет тілді қай жастан бастап үйренген жөн?

BBC арнасы шет тілдерін үйрену бағытына байланысты шағын зерттеу жұмысын жүргізіп, қызықты нәтижеге қол жеткізді. Олар 17-18  жас аралағындағы жасөспірімдердің шет тілін үйрену мүмкіндігі жоғары екенін алға тартады. 

Оған дәлел – ағылшын тілі грамматикасын қаншалықты біледі деген тақырыпта жүргізілген онлайн әрі тәуелсіз тест. Сынаққа әр түрлі жастағы түрлі ұлт өкілдерінен 670 000-ға жуық адам қатысқан.

Тест халық көп шоғырланған әлеуметтік желі Facebook парақшасында жарияланды. Қолданушыларға берілген сөйлемді түзету ұсынылды: «Yesterday John wanted to won the race”.

Қатысушыларға одан бөлек жастарын көрсету, қанша жылдан бері ағылшын тілін үйреніп жүргені және қайдан үйренгенін толтыру міндеттелді.

Тіл сынағынан сүрінбей өткен 246 000 адам ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекетте өскен және тек қана ағылшын тілін біледі. Қатысушылардың арасында ана тілі фин, неміс, түрік және орыс тіліне жататын ұлт өкілдері жиі кездескен.

Тестке қатысқан адамдардың көпшілігі 20 мен 30 жас аралығында болса, ең жасы – 10-да, ал ең кәрі қатысушының жасы 80-де болған.

Зерттушілер тест қорытындысын сараптау арқылы, грамматиканы бала кезінде жақсы меңгеретінін, ал жасөспірім шақта екпіні азая түсетіні, ал 20 жастан асқан соң оқу мүлдем қиындайтынын аңғарған.

Тілді үйрену бала кезде жеңіл болғанымен, жас артқан сайын қиындай түседі. Дегенмен ғалымдар ересектер де жаңа тілді үйрене алатынын, тек оған көбірек күш салу керектігін алға тартады.

18 жастан асқан соң байқалатын оқуға деген белсенділіктің төмендеуінің нақты себебін ғалымдар әлі толықтай анықтай алмай отыр. Бірақ мұның бәрі ересек адамның миы баламен салыстырғанда асықпай өзгеріске ұшырайтыны мен бейімделу қабілетінің төмендігімен байланыстырады.

Сонымен қатар бұл сынақ тек грамматикаға ғана жүргізгелгенін ескерсек, әлемде грамматикасы нашар болса да емін-еркін адамдармен араласып, ойын ашық білдіретін адамдардың барын да естен шығармаған жөн.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: nv.ua
Қосылған күні: 17 мамыр 2018, 16:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.