Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / IELTS writing: Эссені қалай жазамыз?

IELTS writing: Эссені қалай жазамыз?

IELTS writing: Эссені қалай жазамыз?

Мемлекет жоғары оқу орындарын ақылы ету керек пе әлде барлық жастар үшін білім тегін болуы шарт па? 2017 жылы қыркүйек айында IELTS емтиханын тапсырған үміткерлерге осы тақырыпта ой өрбітуі міндеттелді. Осы уақытқа дейін IELTS емтиханы кезінде уақытты қалай жоспарлау керектігін ұсынсақ, бүгін іс жүзінде көрсетпекпіз. 

Кеңес береміз:
Дайындық барысында әр түрлі тақырып бойынша өзгелер жазған эсселерді оқып, олардың келтірген аргументтерін қағазға түртіп алыңыз. Өйткені, осылайша сөздік қорыңызды көбейтесіз әрі сөйлемдердің құрылымы мен құрылысына мән бере бастайсыз. 

Writing Task 2 емтихан бөлімінің тақырыбы: 
"Some people believe that the government should make university education free for all. Others disagree and say students should pay for their own education. Discuss both views and give your own opinion".

Эссе жоспары: 
• Introduction – тақырыптағы сөйлемді өз сөзіңізге сәйкестендіріңіз. 
• Essay body 1 
Topic sentence: Тақырыпта екі бағыт берілсе, сіз біреуін таңдауға міндеттісіз. Егер екі жағдайды да дұрыс санасаңыз, екі жақты пікірді толық ақтап шығатындай аргументтер келтіріңіз. Ал, өзіңізге сенімсіз болсаңыз, бір жақты пікірді ұстанғаныңыз дұрыс. Біз бүгінгі үлгіде екі жақты пікірді қатар ұстанбақпыз. Сондықтан, эссенің негізгі бөлімінің алғашқы бөлігін «білім алушылар үшін мемлекет қаржылай қол ұшын созуы тиіс» деген бағытқа арнаймыз. Енді не үшін деген сұраққа жауап іздейік. Бұл – аргументер. 
Examples:
(1) Алдымен, бұл халықтың білім деңгейін арттырады. Сонымен қатар, жұмыс күші де молаяды.
(2) Жоғары білімнің қолжетімді болуы студенттердің барлығы үшін тиімді. Соның ішінде, жағдайы оқу ақысын өтеуге жетпейтін түлектер үшін таптырмас мүмкіндік.
• Essay body 2 
Topic sentence: Енді «студенттер оқу ақысын төлеуі тиіс» деген пікірге тоқталайық. Бұл жерде қандай аргументтер келтіруге болады? 
Examples:
(1) Білім алу бәсеке алаңы болуы тиіс. Сонда ғана студенттердің арасынан үздік мамандар шығады. 
(2) Мемлекеттің жоғары білімді өтейтін қаражаттан бөлек, өзге де шығындары бар. Мектепті тегін ету жеткілікті. 
Conclusion 
Басқару жүйесіне тепе-теңдік керек. Мемлекет тек талантты әрі қаржылай көмекті қажет ететіндерге ғана көмектесуі тиіс. Ал, тегін білім жүйесімен қамтамасыз ету барлық мемлекеттің қолынан келе бермейді. Сондықтан, ақылы білім жүйесінен қашу мүмкін емес. 

Осы жоспар бойынша дайындалған эссе: 

The idea of free tertiary education fully funded by government causes debates in the society. For some people this is the best strategy, while others claim that students should be responsible for their expenses on education. Both opinions have grounds and they need to be closely examined. 

On the one hand, the proponents of free access to higher education support their view with some important reasons. Among them is the fact that free education would positively affect the general educational level in a country, which in its turn would expand highly qualified work force and, as a result, would have improve the economy at large. It is also important to keep in mind that free higher education would provide equal rights to all categories of students, including those who cannot afford to study at a university level. 

By contrast, there are people who believe that students should cover their higher education, not government. This can be exemplified by the fact that access to this type of education should be competitive and selective in order to the elevate the status of higher education and prepare a cohort of highly professional specialists. On another note, besides supporting higher education, government has to subsidize many other spheres of public life. Therefore, only school education should be free for all citizens, whereas tertiary studies should be open only for those who can meet the expenses. 

To conclude, in my view, there should be a balance in allocating public funding for university education, and governments should provide a certain percentage of merit-based and need-based financial aid to make higher education more accessible. This policy is especially true for those countries which cannot afford entirely free education systems, and this is why avoiding paid higher education is hardly possible in such countries. 
12 sentences 
297 words

Сәттілік тілейміз!

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: studentagency.com.au
Қосылған күні: 30 маусым, 09:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.