Таңғаларлық қызықты деректер

Таңғаларлық қызықты деректер
Фото: martebe.kz

Әлемде талай қызық бар. Кейде күнде көріп жүрген қарапайым жан-жануарлар туралы қызықты деректер естігенде расымен де таңғаласың. Аяқ-қолы қылдай құмырсқаның өзінен бірнеше есе ауыр дәнді көтеріп кетіп бара жатқанын көріп жаратылыстың тылсымына таңдай қағасың. Осындай қызықты мәліметтердің бір тобын назарларыңызға ұсынамыз.

Керіктің баласы туғанда өмірден алатын ең алғашқы әсері – 2 метр биіктіктен құлау.

30 жасқа жеткенде ерлердің миы құрғай бастайды, 60 жасқа жеткенде мидың 30 пайызы құрғап қалады екен. Ал, әйелдерде мұндай үдеріc байқалмаған.

Статистика мәліметтеріне қарағанда, үйленгенде ерлердің өмірі 8 жылға ұзарса, тұрмысқа шыққан әйелдердің ғұмыры, керісінше, 8 жылға қысқарады екен.

Теңіз жұлдызы асқазанын сыртқа шығара алады.

Ең ұзақ уақыт сусыз жүре алатын жәндік – тышқан.

Бегемоттар су астында өмірге келеді.

Сарышұнақ бір түнде 76 метр үңгіртау (туннель) қаза алады.

Ніл өзеніндегі қолтырауындар кесірінен жылына мыңнан аса адам қайтыс болады.

Түйеқұстың жұмыртқасын қайнату үшін 4 сағат керек.

Колибри құсы жүре алмайды.

Аyстралияға келген алғашқы еуропалықтар жергілікті тұрғындардан: “Мынау секіріп-секіріп жүретін қандай жануар?” деп сұраса, Олар өз тілдерінде: "kanguroo” (кенгуру) деп жауап берген, яғни мағынасы "түсінбедік" деген сөз еді.

Жарқанат – ұша алатын жалғыз сүтқоректі.

Жерде өмір сүрген барлық жануардың 99 пайызы қырылып кеткен.

Бал арасы 1 килограмм бал жинау үшін 2 миллион гүлге қонады.

Пингвиндер 1,5 метрге секіре алады.

Шимпанзелер айнадан өзін тани алатын жалғыз жануар болып есептеледі.

Қолтырауындар су астына бату үшін тастарды жұтып алады.

Алғашқы аустралиялық 50 центтік тиынды жасау үшін шығыны 2 доллар болатын күміс жұмсалған.

Англиядағы кітапханаларда ең көп ұрланатын кітап – "Гиннестің рекордтар кітабы". Бұл дәлел сол кітаптың өзіне рекорд болып кірген.

Моноко ұлттық оркестрі елдің армиясынан да көп.

Жыл бойы бір де бір сәби тумаған мемлекет – Ватикан (1983 жыл).

Ніл өзені екі рет ІХ және ХІ ғасырларда мұздаған.

Лас-Вегас казинолар қабырғасына сағат қойылмайды.

Францияда адам келбетіне ұқсамайтын қуыршақтарды сату заң жүзінде тыйым салынады.

Африка түйеқұсының 15 сантиметрлік жұмыртқасы – 1,8 килограмм.

Бридж – картамен ойналатын жалғыз олимпиада ойыны.

Т. Раушанұлы