IELTS writing (essay): дайындық барысы

IELTS writing (essay): дайындық барысы
Фото: kp.kz

Шығарманы не эссені сауатты жазу және құрылымын толық меңгеру бірден іске асатын дағды емес. Оған уақыт керек. Дайындық кезінде мына әдістердің көмегіне сүйенсеңіз, жазуға төселетініңіз анық. 

1. Mindplan құруды үйреніңіз: 
Берілген тапсырманы оқып, ойланыңыз, ойыңыз шашырамас үшін mindplan құруды үйреніңіз. Mindplan – идеяларыңызды жинақтау үшін қағазға түсірілген жазу жоспарыңыз. 
Мысалы:
989Айналамыздағы адамдармен сөйлесу барысында бізге жоспардың керегі жоқ. Бірақ, IELTS емтиханы кезінде эссе жазу әр түрлі саладан белгілі бір білім деңгейін керек етеді (білім, мәдениет, спорт, медицина). Сондықтан, ойдың жүйелілігін сақтау үшін логикалық сызба артық етпейді. 

2. Лексика 
Ойыңызды, талқылау мен қорытындыға керекті сөздер мен сөз тіркестерін естен шығармаңыз. Ойыңызға түскен бойда, қағаздың шетіне жазып қойғаныңыз дұрыс. Зат есім, етістік пен сын есімдерді орынды қолданыңыз.

IELTS writing essay тақырыптары: 
• Education 
• Work, career 
• Adults and children 
• Mass media 
• Tourism, travelling 
• Architecture 
• Old people 
• Military service 
• Technological advances 
• Environment 
• Agriculture 
• Cars 
• Human beings and animals 
• Medicine. Psychology. Cloning. 
• Healthy lifestyle 
• Hobbies 
• Developed/developing world 
• Migration 
• Smoking and drugs 
• Sports 
• Music 
• Art 
• Crime 
• Urban and rural problems 

3. Эссе құрылымын сақтаңыз: 
Емтиханды тексеруші мамандар құрылымы сақталмаған эссе үшін ұпайыңызды азайтуы әбден мүмкін. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды – жазба жұмысыңыздың қаңқасы екенін ұмытпағаныңыз жөн. Сонымен қатар, эссеңіздің құрылымы сіздің құрған mindplan-мен тығыз байланысты. 

4. 1-3 қадамдарды қайталап, тәжірибеде қолданыңыз: 
IELTS writing (essay) емтихан бөлігіне дайындық барысында жоғарыда көрсетілген тараулар бойынша жиі жұмыс жасаңыз. Әр тақырыпқа логикалық сызба құрыңыз. Тіпті, қазақ тілінде де эссе жазу керек болған жағдайда бұл тарауларды қолданып, әдетіңізге айналдырыңыз. 

Сәттілік тілейміз!

Т. Есқали