Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тәрбие жұмыстары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тәрбие жұмыстары
Фото: egemen.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында тәрбие жұмысына көп көңіл бөлінеді. Өйткені университет кәсіби білім беру функциясын ғана орындамайды, жеке тұлға болу мектебі болып табылады.

Заманауи кәсіби дайындықпен қатар, университетте моральдық-өнегелілік бағдарлар, жалған емес, шынайы рухани құндылықтар негіз болып қаланады. Осылайша, тәрбие жұмысы – болашақ маман тұлғасының, отандық зиялылар өкілінің өнегелі, жалпы мәдени, азаматтық және кәсіби қасиеттерін қамтамасыз ететін, оқу және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылатын жоғары оқу орнының білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі.

Студент жастарымен жүргізілетін жұмыстың ең көп тараған түрлері мыналар болып табылады: қоғамдық-еңбек практикасы, клуб жұмысы, өлкетану жұмысы, жаппай спорт туризмі, шығармашылық өзіндік қызмет, мәдени-ойын-сауық қызметі, шаруашылық жүргізудің, кәсіпкерліктің, қайырымдылық қызметтің әртүрлі нысандарына қатысу. Мұнда куратор-эдвайзерлерге маңызды рөл бөлінеді.

Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары бакалавриаттағы және магистратурадағы орыс бөлімінің әртүрлі курстарындағы оқу топтарының куратор-эдвайзерлері болып табылады. Кафедраның барлық мүшелері студенттермен бірге университеттің және факультеттің іс-шараларына қатысады. Студенттердің оқытушылармен бірге теарларға, мұражайларға баруы, спектакльдерді, көрмелерді талқылауы, табиғатқа демалысқа шығулары, ҚР Тәуелсіздік күнін, Наурызды, Жеңіс күнін және көптеген басқа мейрамдарды және еліміз мен әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды бірге тойлауы жақсы дәстүрге айналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Г.М. Мутановтың бастамасымен бірнеше жоба іске қосылды: «Жүз кітап», «Айналанды нұрландыр», «Green campus», олар бірнеше жылдар бойы ойдағыдай іске асырылуда. Оқудан бос уақыта кафедра оқытушыларының басшылығымен студенттер волонтерлікпен айналысады, студенттік бизнес-инкубаторлар жұмысының шеңберінде өздерінің жеке бизнес-жобаларын құрады және іске асырады, көптеген шығармашылық үйірмелер мен бірлестіктердің жұмысына қатысады (олардың саны ҚазҰУ-да жүзден аса). Бұл оқып жатқан студенттерге жағымды әсер етеді.

Студенттердің өз сөздері бойынша, тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруда және өткізуде оқытушылардың көмегі оларға үлкен моральдық қолдау болады. Олар балалар үйіне қаражат жинау болса да, немесе жазушылармен және ақындармен шығармашылық кездесу болса да, немесе шығармашылық әлеуетті іске асыруға бағытталған семинар-тренингтер, спорт жарыстары немесе ғылыми-зерттеу жұмысы болса да, оқытушылардың олардың барлық бастаушы бастамаларына жеке шынайы қызығушылығын сезеді. Студенттер кафедра оқытушылары тарапынан болатын немқұрайлы емес қарым-қатынастың арқасында ғана, өткізіліп жатқан іс-шаралардың мәнін ұғынатындарын атап өтеді.

Ысқақова Айнұр Теміржанқызы
Баратов Шерзат Сабырұлы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары

Ө. Сансызбай