Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тілімізге енген ағылшын брендтері

Тілімізге енген ағылшын брендтері

Тілімізге енген ағылшын брендтері

Ағылшын тіліндегі кей сөздер қолданысқа енгеніне аздаған жыл өткеніне қарамастан ескірген сөздер қатарына енетінін білесіз бе? Global Language Monitor лингвистикалық агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, әрбір 98 минут сайын ағылшын тілі бір сөзге байи түседі. Олардың көпшілігі технология саласымен тығыз байланысты өзге тілден кіріккен сөздер болса, кейбірі атақты брендтердің атауынан пайда болады. Күнделікті қолданыстағы 200-ден астам бренд сөздікке енген. Дегенмен, сауда маркасы ретінде тіркелген бұл брендтердің негізін қалаған компаниялар қуануға асығар емес. Керісінше, сот арқылы өз құқықтарын қорғауға тырысып бағуда. Өйткені, олардың сауда маркасы етістік не өзге сөз табы ретінде қолданбауы тиіс. Бұл брендтерді бізде қолданамыз: 

– Xerox – 

вв

Барлығымыз көшіру аппаратын (a copy machine) «ксерокс» (a Xerox machine) деп атаймыз. Тіпті, бізді ата-әжеміз де. Ал, "Xerox" — көшіру аппаратын шығаратын компанияның атауы екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Бұл сөздің өмірімізге еніп алған сонша – көшіру аппаратының кез келген түрін ксерокс деп атауды жөн санаймыз. Xerox компаниясы брендтің атын сақтау үшін мынадай үгіттеу жазбасы бар жарнама парақшасын таратқан: 

You cannot “xerox” a document, but you can copy it on a “Xerox” brand copying machine. 
Сіз құжатыңызды «ксерокстай» алмайсыз, бірақ «Ксерокс» брендінің құрылғысын қолдану арқылы көшірме жасай аласыз. 

Xerox сөзінің британ және америкалық акцент бойынша оқылуына да назар аударыңыз: 
• /ˈzɪərɒks/ (BrE), 
• /ˈzɪrɑːks/ (AmE). 

Сөздің қолданыс аясына да мән беріңіз: 
– Hand me that xeroxed copy, would you?
– Өтінемін, маған ксерокөшірмені берші.

Одан бөлек оны етістік ретінде де қолдануға болады – көшірме жасау.
– I xeroxed the worksheets for all the students in the classroom. 
– Мен сыныптағы барлық студент үшін тапсырманың көшірмесін жасаттым. 

– Photoshop – 

ss

Тілімізге әбден сіңіп қалған тағы бір кірме сөз – Photoshop. Фото өңдеуге арналған бағдарламаларды графикалық редактор (graphic editors) деп атайды. Бірақ, Photoshop сөзі жиі қолданатындықтан оны етістікке де айналдырып алдық. Әрине, қазақ тілінде «фотошоптау» ауыз екі сөйлеу стилінде жиі қолданады. Ал, әдеби формасы – өңдеу. 

Сөздің оқылуы:
• /ˈfəʊtəʊʃɒp/ (BrE)
• /ˈfoʊtoʊʃɑːp/ (AmE). 

Мысалы: 
– This picture of Shakira without makeup is photoshop free. 
– Шакираның бояусыз суреті фотошопта өңделмеген. 

– Аspirin –

ыы
Егер бір кезде GTA ойындарын ойнасаңыз, бұл сөз сізді талай өлімнен аман алып қалғанын да ұмытпаған шығарсыз. Бұл – дәрінің атауы. Толық нұсқасы – «ацетилсалицил қышқылы» (acetylsalicylic acid). Өмірімізді қиындатып қайтеміз, мойындаңызшы, аспирин сөзін қолдану жеңілірек әрі түсінікті. Бұл сөз Bayer компаниясына тиесілі. Сонымен қатар, Aspirin сауда маркасының авторы екенін дәлелдеу үшін сотқа талай арыз жазған. 

Бәрінен де қызықтысы, аспирин өзінің жарнама тақтасында “Pain, Sir?” (Ауырып тұрсыз ба, сэр?) сөзін жазған. Ал, бұл сөз – аспирин сөзінің анаграммасы. 

Сөздің оқылуы: 
• aspirin — /ˈæsprɪn/ (британ және америкалық нұсқасы бірдей) 

Мысалы:
– She took an aspirin and went to bed. 
– Ол аспиринді қабылдаған соң, ұйқыға кетті.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: коллаж Массагет
Қосылған күні: 26 наурыз 2018, 16:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->