Жалқы есімдердің қоғамдағы орны

Жалқы есімдердің қоғамдағы орны
Фото: kerek-info.kz

Бүгінгі күні ат, атау беру мәселесі біздің қоғамымызда көптеген жаңашылдықтармен толығып отыр. Олай болуының өзіндік себептері бар, оның бірден-бірі ретінде үштұғырлы тіл саясаты, мемлекетіміздегі көп ұлттылық, т.б. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасындағы "Жерұйық" ономастикалық өлкетану клубы жыл сайын факультет, университет, қалалық және республикалық көлемде түрлі іс-шаралар өткізіп келеді және өткізілетін шараларға байланысты хабарландырулар мен өткен шаралардың қорытындысы жайында әлеуметтік желіде жарияланып жатады.

Аталмыш клубтың дәстүрлі жиынының бірі ретінде А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ономаст ғалым РЫСБЕРГЕН Қыздарханның қатысуымен өтетін дәстүрлі шараның студенттер үшін берері өте зор екенін сөзсіз. Себебі ат, атаудың мән-мағынасы біздің қоғамда қашанда алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған ономастикалық клубтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен "Ежелгі тарихи кезеңдегі археологиялық деректер" атты кезекті жиын филология факультеті және тарих, археология және этнология факультетінің 2, 3 курс студенттерінің бірлесе өткізген шарасы соңында профессор Қ. Рысберген «Қоғамдағы жалқы есімдердің рөлі мен қызметі» атты дәрісі студенттер үшін құндылығымен ерекшеленеді. Айтып өту керек, дәріс барысында ғалым қазіргі атаулардағы өзгерістер мен кемшін тұстары, оған қатысты зерттеулер мен олардың қоғамға әсері жайынды құнды пікірлермен бөлісті. Жыл сайынғы кездесудің өзіндік жаңашылдығы ерекше орын алуда.

Дәріске қатысушылар мен ұйымдастырушылардың ғалым, профессор Қ. Рысбергенге деген алғысы да шексіз. Себебі, студенттердің көкейінде жүрген көптеген кісі есімдері, елді мекен атауларына қатысты ойлары мен шешімін таппаған сұрақтарына жауап алғандай еді. Қалалық, аудандық, өзге өңірлердегі ономастикалық басқармалардағы негізгі ережелер мен комиссия жиындарындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында да айтылды.

Осындай ерекше жиындардың салдарынан «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клуб мүшелері де, өткізілетін шаралардағы тың тақырыптар салдарынан қалалық, республикалық көлемде түрлі жиындар мен оқушылар, студенттер және магистранттардың қатысуымен өзінше орын алатын кездесулер қатары да түрлі бағытта көрініс табуда. Мұндай жиындардың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған клуб мүшелері, жалпы университет студенттердің белсене араласуымен жүзеге асуда.

проф. Г.Б. Мәдиева,
доц. П.Т. Медетбекова,
оқыт. Г.А. Бөрібаева 

Ө. Сансызбай