Жағымды жаңалықтар

Жағымды жаңалықтар

Вашингтонда қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбайұлының туылғанына 170 жыл толуына орай онлайн-жәрмеңке өтеді.

Аталған жәрмеңкені бүкіл әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып саналатын Смитсоновский институты ұйымдастырмақ. Айта кететін болсақ, құрамына  он тоғыздан аса мұражай кіретін осы бір ғылым ошағы 2010 жылы Вашингтонға ат басын бұрған Қазақстан фестивалінің аясында «Қазақстанның ашылуы: Шоқан Уәлихановтың экспедициясы» атты тақырыпта өткен онлайн-жәрмеңкеге мұрындық болған-ды.

Енді Астанадағы автобустарда электронды билеттер қолданысқа енеді. Бұл туралы қала әкімшілі хабарлап отыр.

Қаладағы жол жүру ережесін бұзып, заңды аяққа басатын келеңсіздіктер жұртшылықты әдбен мезі қылыпты. Содан болар бір жылдың ішінде 240 жүргізушінің 130-ы жұмыстан шығарылған. Және күнде келіп түсіп жататын арыз-шағымдардың легінде есеп жоқ екен.

Жарты жыл ішінде іске аспақ жобаға біршама қаржы жұмсалынбақ. Жарты тұрғыны автобуспен жүретін астаналықтар электрондық билеттің арқасында барлық қолайлықты сезінеді деп жоспарлануда.

Олимпиада чемпионы Мая Манезаның құрметіне Алматыдағы зоопаркте туылатын ендігі жануардың аты берілмек.

Ел үмітін ақтаған чемпион қыз келісімді беріп отырған көрінеді. Ендігі басты амал, зоопарктің қай жануары болмасын, аман-есен босанса болғаны. Айта кететін болсақ, хайуандар үйінің мамандары ең бірінші кезекте босанатындардың қатарында ала құлан мен тибеттік қодастың тұрғанын айтады.

Бұдан бұрын да Светлана Подобедованың құрметіне зоопарктегі спортшының ламаға есімі берілген тұғын. Қазіргі таңда әлгі лама мойнына байланған қызыл жолақ арқылы көпшіліктің көзайымына айналып отыр.

сурет:alashainasy.kz; tengrinews.kz; voxpopuli.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига