Рэп және ағылшын тілі

Рэп және ағылшын тілі
Фото: 4brain.ru

Рэп орындауышылары бүгінде жастардың арасында кеңінен танымал. Шетел орындаушылары, қазақ рэперлері де өзінің тыңдарманын тауып жатыр. Дегенмен, рэппен бірге ілесе жүретін ағылшын тілінен енген сөздердің мағынасын бірі білсе, енді бір біле бермейді. Сіздерге рэппен байланысы бар ағылшын тіліндегі сөздерді ұсынамыз:

1. Versus  
|ˈvɜːrsəs|
— қарсы, салыстармалы
Mortal Kombat жанкүйерлері бұл сөзді жақсы білуі тиіс. Жазу барысында бұл сөз «vs» ретінде қысқартылады. Бірақ, оны толықтай айту керек екенін ұмытпаңыз.

2. Feat
|ˈfiːt|
— бірге, қатысуымен
Feat. (featuring сөзінің қысқартылған нұсқасы) сөзі бір орындаушы өзге орындаушымен бірге ән немесе альбом жазу барысында қолданылады.  

3. Dis
|ˌdɪs| — дисс,  сыйластықтың болмауы.
Dis — disrespect сөзінің қысқартылған нұсқасы. Соңғы уақытта рэперлер (влогерлер) өздерін қаралайтын адамдарға арналған ән жазып, бейнебаян түсіріп жүр. Егер дисс сапалы болса, халық қабылдайды. Ал, сапасыз болса ол адамды ешқашан мойындай қоймайды.

4. Flow
|floʊ| — флоу, ағыс .
Рэптегі флоу – ерекше. Ол – сөздерді дұрыс оқу, әуенмен байланыстыра білу мүмкіндігі.

5. Double-time
|ˈdʌbl taɪm|
— дабл-тайм.
Рэптегі дабл-тайм  музыка ритмінінен екі есі жылдам оқу дегенді білдіреді. Ол үшін әннің мәтінін жатқа біліп қана қоймай, ритмді жақсы сезіне алуы керек. Тек ең үзді рэперлер ғана бұл әдісті қолданады.

6. MC
|ˌemˈsiː| — «master of ceremonies» сөзінің қысқарған нұсқасы, жүргізуші
Рэп мәдениетінде MC — жиналған халықты сергітіп отыратын әртіс. Ал, біздің еліміздегі MC атауын алғандар рэп-баттлдың қатысушылары.  

7. Freestyle
|ˈfriː.staɪl| — фристайл.
Бұл сөз – қазақтағы суырып салма ақын деген тіркестің замануи атауы іспеттес. Рэптегі фристайл бұл – тек әуенге байланыстырып сол бойда ойдан мәтін құрап шығару. Көше мәдениеттінде үздік фристайл жасайтын адамдар нағыз талантқа ие деген түсінік қалыптасқан. 

Т. Есқали