Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия саласы бойынша биылғы 2012 жылдың Нобель сыйлығы тірі жасушалар рецепторының жұмысын зерттеген американдық Роберт Лефковиц және Брайан Кобилька атты ғалымдарға бұйырды, деп хабарлайды швед Корольдік ғылымдар академиясы Нобельдік комитетіне сілтеме жасаған РИА Жаңалықтар.

Марапаттау рәсімі дәстүр бойынша, швед өнертапқышы және кәсіпкері Альфред Нобельдің (1833-1896) дүние салған күні, яғни 10 желтоқсанда Стокгольм қаласында өтеді. Сыйлық Лефковиц пен Кобилкаға тірі жасушадағы рецепторларды басқару механизмін, яғни серпентин молекулаларының жұмысын (G-ақуызымен қатар жүріп, тірі жасуша ішінде әртүрлі сигналдарды тасушы рецепторлар) ашқаны үшін беріліп отыр.   

Айта кетейік, Лефковиц 1943 жылы Нью-Йоркте туылып, қазіргі кезде Солтүстік Каролина штатындағы Дарем қаласындағы Дьюк университетінің Медицина орталығында қызмет жасайды. Ал оның әріптесі Кобилка болса, 1955 жылы Миннесота штаты Литтл-Фоллс қаласында туылған. Қазір Стэнфорд университетінің жанындағы медицина мектебінде еңбек етеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ntv.ru

Қосылған күні: 10 қазан 2012, 22:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.