ҚазҰУ-дегі білім бәйгесі

ҚазҰУ-дегі білім бәйгесі
Фото: автор

2017 жылдың 29-31 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «5В020500-Филология: қазақ тілі»  мамандығының ІХ Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті.  Республикалық пәндік олимпиада Ережесіне сай 1-орын иеленген ЖОО келесі жылы олимпиаданы ұйымдастыруға құқылы болады. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері факультеті бұл мәртебеге 4-рет ие болып отыр. Олимпиада: командалардың мамандықты таныстыруы (І тур); таңдалған тақырып бойынша  ауызша тілдік  (морфологиялық: дәстүрлі, сатылы; синтаксистік: құрылымдық, коммуникативтік аспектіде) және  әдеби (құрылымдық және  идеялық)   талдау жасау (ІІ тур); таңдалған тақырып бойынша эссе жазу (Ш тур);   таңдалған тапсырмалар бойынша ғылыми жобалау жасау (ІV тур) тапсырмаларынан тұратын 4 кезеңді қамтыды.

Олимпиада шартына сай І кезеңнен үздік нәтиже көрсеткен республиканың 12 университетінен 36 студент қатысты: 1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; 2. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;  3. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті; 4. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; 5. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті; 6. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті; 7. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті; 8. Сүлеймен Демирел атындағы университет; 9. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті; 10. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті; 11. Қорқыт ата атындағы ҚМУ; 12. Абай атындағы ҚазҰПУ. Олимпиаданы кәсіби біліктілігі жоғары мамандардан тұратын қазылар алқасы бағалады.

 Ереже шарты бойынша ұйымдастырушы команда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  командасы конкурстан тыс қатысып 490 балл жиынтығымен үздік нәтиже көрсетті. Олимпиадаға қатысушылардың 1-4 кезеңнің тапсырмаларын орындау нәтижесін қарастыра отырып, байқау комиссиясы «5В020500-Филология: қазақ тілі» мамандығы командаларын төмендегідей марапаттауды шешті:  Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің I дәрежелі дипломымен – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Жалпы балл жиынтығы – 482.  Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің II дәрежелі дипломымен - 2 команда: 1.  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Жалпы балл жиынтығы – 474. 2. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. Жалпы балл жиынтығы – 466. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің III дәрежелі дипломымен - 3 команда: 1. Сүлеймен Демирел атындағы университет. Жалпы балл саны – 465.  2. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Жалпы балл саны – 462.  3. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. Жалпы балл саны – 460.  

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ олимпиада эстафетасын Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне тапсырды.

 Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың доценттері
Л. Әлімтаева, Ә. Әміров

О. Сансызбай