Мен ҚазҰУ-дың студенттерімен мақтанамын!

Мен ҚазҰУ-дың студенттерімен мақтанамын!
Фото: kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР-ның ең үздік университеттерінің бірі, сонымен қатар қазіргі таңда ҚазҰУ әлемнің озық жоғары оқу орындарымен серіктес болып табылады. Еліміз егемендігін алғаннан бастап, отандық оқу орындары шет елдердегі университеттермен жақсы қарым-қатынас орната бастады.

Бәрімізге мәлім, осы күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сыртқы академиялық ұтқырлыққа көп көңіл бөлген болса, қазіргі таңда ішкі академиялық ұтқырлықпен, яғни өз еліміздегі түрлі жоғары оқу орындарымен студент алмасуда. Осындай ішкі академиялық ұтқырлық бойынша жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының «шет тілі: екі шет тілі» мамандығы студенттері Сүлейман Демирель атындағы университте 2017 жылдың көктемгі семестрін өткізуде. Ал СДУ студенттері, өз кезегінде, біздің университетімізде білім алуда. Бұндай тәжірибе алмасу жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Мәдиева Гүлмира Баянжанқызының талмай еңбек етуінің нәтижесі деп білеміз.

ҚазҰУ студенттері жан-жақты дамыған, бәсекег қабілетті студенттер. Кураторлық тобымның жарқын жұлдыздары деп Амина Хусаинова және Айман Кумисбекованы айта аламын. Олар ‒ Көкшетау мен Павлодар қалаларында орналасқан «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» түлектері. Студент атанбай тұрып, олар SAT, SET, IELTS секілді халықаралық тесттерді тапсырып, жоғары нәтижеге қол жеткізген болатын. Жетістіктері мектеп кезімен ғана шектелмей, біздің университет қабырғасында да жалғасып отыр. Амина мен Айман көптеген Халықаралық және Республикалық олимпиада жүлдегерлері атанып, өздерін нағыз «ҚазҰУ студенттері» деп атауға лайық екендіктерін дәлелдеуде.

Айман және Амина үш тілді жетік меңгергендерін 1-курстан бастап-ақ, «Орыс әлемі» секілді байқауларға қатысып, көрсетуде. Сонымен қатар, Амина мен Айман КазҰУ-дың әлеуметтік өміріне де белсене қатысуда. Өздерінің сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында филология және әлем тілдері факультетінде британдық оқытушылар Линда мен Эдвард Мак-Ферсон өткізетін «Speаking Club» атты ағылшын тілі үйірмесіне қатысуда.

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткен, еліміз үшін маңызды ‒ 28-ші қысқы Универсиадада Айман мен Амина «Атлеттер қалашығында» шетел азаматтарын қарсы алуда да өз үлестерін қосты. Ал 24-25 ақпанда өткен «Шетел тілдері» мамандықтары тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада Утемгалиева Насихат Адайхановнаның жетекшілігімен Кумисбекова Айман мен Хусаинова Амина жүлделі 3-орынды иеленді.

Осындай жетістіктерге жете білген студенттеріміз өзге де студенттерге үлгі болады деп үлкен сенім білдіре аламыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
филология және әлем тілдері
жалпы тіл білімі және еуропа тілдері
кафедрасының доценті, PhD докторы
Күзембекова Ж.Ж. 

Ө. Сансызбай