Америкалықтар смартфон үшін тамақ пен киімнен бас тартуда

Америкалықтар смартфон үшін тамақ пен киімнен бас тартуда

Америкалық отбасылар киетін киім мен ішетін тамақты үнемдеп, артық жүрісті доғарып, оның орнына қымбат смартфондар мен ұялы телефондардағы жоғары жылдамдықтағы интернет байланысы үшін жиған-тергендерін жұмсайтын көрінеді. Осы туралы және басқа да мәліметтер бойынша "The Wall Street Journal" газетіне сілтеме жасай отырып "Интерфакс-Қазақстан" орталығы хабарлайды.

Бүгінгі таңда америкалықтардың тең жартысынан көбі смартфон ұстайды. Және соңғы төрт жылдықтың тіркеліп отырған көрсеткіші бойынша, америкалықтар артық жүріс пен азық-түлікке кететін қаржыны азайтып, ең жоғары үлгідегі интернет байланысы үшін қаржыларының көп бөлігін жұмсайтын болған. Соның салдары болар, бизнес әлемі мен киноиндустрияда, кофелер мен базарларда бұрынғыдай қыдырып жүрген ақша жоқтың қасы...

Осылайша, америкалықтардың өткен жылғы жалпы шығындары 67 долларға артқан болып саналады, ал ұялы байланыс қызметтері үшін орташа статистикалық үй шаруашылығы 116 долларға артық төлейтін болған. 

Қазіргі күнде операторлар (сол жақтың) адамдардың интернетке деген сұраныстарын толыққанды қанағаттандыру үшін жоғары жылдамдықтағы интернет пен тарифтердің алуан түрлерін ұсынып жатқан сыңайлы.

Мәселен, америкалықтардың ұялы телефондарға деген сұранысы 2011 жылы 2005 жылға қарағанда төрт пайызға өскен. Ал ондай жоғары өрлеу әр бес жылдан көріне бермесі анық. Орта деңгеймен алғанда америкалықтардың ұялы телефондарға жұмсаған қаржысы 1226 долларды құраған (2007 жылы 1110 доллар болыпты). Ал ол жыл -  "Apple" компаниясының ең бірінші  iPhone планшеті шыққан кез. 

сурет:Tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Л. Лига