Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Қазақ халқы ежелден жылқы баққан...

Қазақ халқы ежелден жылқы баққан...

Қазақ халқы ежелден жылқы баққан...

Питтсбург университетінің ғалымы Брайан Хэнкс: "Жылқыны қолға үйрету тұңғыш рет шамамен 6 мың жыл бұрын Қазақстанның далалық алқабында жүзеге асқан. Мұны әлемнің 6 елінің 8 ғалымынан құралған топтың жаңа генетикалық зерттеуі дәлелдеп отыр. Ғалымдар тобының ішінде Ұлыбритания, АҚШ және Қазақстан ғалымдары бар"-дейді.

 

Мұндай зерттеу нәтижелері АҚШ Ұлттық ғылым академиясының Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) журналында жарияланған. Жылқының қолға алғаш үйретілген жерін нақтылау үшін ғалымдар Еуразияның түрлі аймақтарынан — 8 елдің (Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Украина, Ресей, Литва және Грузия) аумағынан әкелінген жылқылардың генетикалық үлгілерін сараптамадан өткізіп көрген. 16 жылға созылған зерттеулер кезінде 328 жылқының генетикалық материалдар үлгілері жиналып, жинақталған материалдар компьютерлік үлгілерді қолдану арқылы түрлі сценарий шеңберінде сараптамадан өткізілді. Соның нәтижесінде жылқы түлігінің жер бетінде ең алғаш Қазақстан мемлекеті орналасқан аумақта, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы ерте қола дәуірінің археологиялық ескерткіші — Ботай қонысы маңында қолға үйретілгені дәлелденді. «Ботай мәдениетінің қазбалары жылқының бұл қоныс адамдары өмірінде аса маңызды рөл атқарғанын көрсетті. Олар жылқыны аулап, етін азық еткен тәрізді. Өйткені қоныстағы қалдықтар тасталатын жерден жылқылардың көптеген сүйегі табылды. Басқа да археологиялық қазбалар детальдары, керамика сияқты заттар да бұны растайды"-дейді.

Ежелден жылқы баққан қазақ халқы үшін бұл жаңалық аса таңсық бола қоймас. Бірақ қашан да жылқы десе, ішкен асын жерге қоятын қазақ үшін бұл да бір қуанышты жаңалық болғаны рас. 

Дайындаған: Қосмағамбет Болат

сурет: ivanovo.olx.ru

4419 4
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 24 қыркүйек 2012, 18:34
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2012, 18:24

Мына тұлпардың әдемісін-ай!

+0
24 қыркүйек 2012, 20:36

қазыңды неміс, қымызыңды басқалар тәуелдеп алған соң ба, көңіл көтеріле қоймады

+0
25 қыркүйек 2012, 09:06

Жылқыны қолға үйрету тұңғыш рет шамамен 6 мың жыл бұрын Қазақстанның далалық алқабында жүзеге асқан. Осыны ғалымдар жақында ғаана әрең мойындады ғой иа

+0
25 қыркүйек 2012, 09:42

әкем жылқышы еді, үйір-үйір жылқы толып жүретін фермамызда :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...