Жұмағұлов: биыл 38 мың талапкер білім беру грантына тағайындалады

Жұмағұлов: биыл 38 мың талапкер білім беру грантына тағайындалады

2012-2013 жылы  38 619 талапкер мемлекеттік білім беру грантын иемденді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. 

Қазақстан ЖОО  берілген грант саны бойынша бакалавриат мамандықтарына 31 210 орын бөлінсе, магистратура 6 909 орынды құраған. Ал PhD докторантураға 500 талапкер білім беру грантына тағайындалады.

Министр сонымен қатар, ағымдағы жылы грант санының арта түскенін айтып өтті. 

Сондай-ақ, "Назарбаев университетінің" дайындық бөліміне 2 280 грант бөлінсе, негізгі бөлімге жалпы 500 орын. Астанада орналасқан Ломоносов атындағы университеттің Қазақстандағы филиалына 125 грант бөлінсе, Түркістан қаласындағы Йассауи атындағы ХҚТУ-ге 200 грант. Және де 600 студент пен магистрантқа ауысым бағдарламасы бойынша әлемнің 40 елінің университеттерінде білім алу мүмкіндігі беріледі. 

Дерек көзі: pm.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: pm.kz

Ж. FM