Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / TOEFL - ағылшын тілі деңгейін анықтау тесті (Жалғасы)

TOEFL - ағылшын тілі деңгейін анықтау тесті (Жалғасы)

TOEFL - ағылшын тілі деңгейін анықтау тесті (Жалғасы)

Басы мұнда

2005 жылдың 24 қыркүйек айынан бастап, АҚШ-та тесттің жаңа форматы, яғни TOEFL iBT (Internet-based Test) енгізілді. Аталмыш тест ағылшын тілін игерудің барлық жолдарын қамтыған, яғни грамматиканы білу деңгейін жеке бөлім ретінде қарастырмай, керісінше оны барлық бөлімдер арқылы бақылайды. Сонымен қатар ағылшын тілінде сөйлей білу қабілеті де тексеріледі. Онлайн-тіркеу мен онлайн-нәтижелер үміткерлерге тестілеуді барынша қолайлы етеді.
Тестілеудің жаңа форматы тест тапсырушының білім деңгейін бағалау жүйесін дамытуға  бағытталған. Жаңа Speaking бөлімі студенттердің ағылшын тілінде тілдесе білу қабілетін анықтауға мол мүмкіншілік береді, ал Writing бөлімінде талапкердің ақпаратты үйлестіре білу деңгейі анықталады.

Тест 4 бөлімнен тұрады: Speaking, Listening, Reading және Writing.

Тесттің орындалуына шамамен төрт жарым сағат беріледі, және оның барлық бөлімдерін бір күнде тапсыруға болады, бұл да емтихан тапсырушыларға қосымша қолайлылық тудырады.

Жаңа нұсқаның ерекшеліктері:

* Грамматикалық құрылымдарды білу деңгейі студенттің Speaking, Writing бөлімдерінде сөздерді дұрыс қолдана білу шеберлігіне және Reading бөліміндегі ауыр академиялық мәтіндерді оқу барысында оларды тани білу шеберлігіне байланысты бағаланады.

* Writing бөлімі. TOEFL-дың жаңа нұсқасында екі эссе жазу талап етіледі. Сондай-ақ эсселердің бірінде «жаңа құрылған» тапсырмалар ұсынылады: шағын мәтін оқу мен дәл сол тақырыпқа байланысты дәріс тыңдау. Дәрісте берілген ақпарат оқылған мәтінге не қайшы келеді не оны толықтырып/түсіндіріп тұрады. Мәтінді оқу мен дәрісті тыңдау барысында маңызды жерлерді түртіп отыруға рұқсат етіледі. Сізге 200-220 сөзден тұратын текстті оқып шығуға 3 минут және 150-225 сөзден тұратын шығарма жазуға 20 минут уақыт беріледі.

* Reading бөлімінде жаңа типті сұрақтар пайда болғаннан басқа айтарлықтай күрделі өзгерістер болған жоқ.

* Listening бөлімінде тестілеудің қағаз нұсқасындағыдай (TOEFL PBT) шағын диалогтар жоқ; тек екі бөліктен тұрады: бірі ұзын диалогтар болса, екіншісі соңында студенттердің пікірлерімен аяқталатын төрт дәрісті қамтиды.

* Ескі форматты тестке қарағанда жаңа TOEFL iBT емтиханы белгілеуге (Note Taking)  рұқсат береді, тіпті кеңес те етеді.

* TOEFL емтиханының жаңа нұсқасы тапсырмаларды толық орындауға көп уақыт талап етеді, сондықтан кіріспе бөлімі Tutorials (емтихан алдында программа мен компьютермен танысу мақсатындағы қосымша жаттығулар) алынып тасталған.

* Speaking бөлімі. Аталмыш жаңа бөлім 6 сұрақтан тұрады және әрбір сұраққа микрофон алдында жауап бересіз. Сонымен қатар белгілеп отыруға да рұқсат етіледі.

Сурет ғаламтодан алынған

7099 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 13:20
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2012, 18:58

Алдында бір дайындалайын деп көргем. Бірақ, өте қиын екен. Біршама тағы мықты меңгергеннен соң қайта тапсырып көрмесек.Жақсы мәлімет екен. Рахмет.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев