Тимур Бекмамбетовтің жаңа фэнтези-мелодрама жанрындағы фильмі

Тимур Бекмамбетовтің жаңа фэнтези-мелодрама жанрындағы фильмі
Фото: youtube

Еуропада белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов қойған «Ол – аждаһа» атты жаңа фэнтези-мелодраманы көрсетілімі басталды. 

Фильмде аждаһа-адам мен ол ұрлап кеткен Мирослава есімді сұлу қыздың арасындағы тыйым салынған махаббаттың маздақтары мен машақаттары көрсетіледі. Мұндағы аждаһа-адам рөлін Матвей Лыков сомдаса, сұлу бойжеткеннің образын Мария Поезжаева орындайды.

«Аждаһаның» оқиғасы ойдан шығарылған фэнтези дүниеде өтеді. Ол стилі жағынан пұтқа табынған Ежелгі Русь жеріне ұқсайды. Бірақ онда скандинавиялық, кельт, герман және шығыс желілері өзара ұштасып жатыр.

Дереккөз: nur.kz 

С. Ерсін