Бүгін талапкерлерге білім беру гранттарын тағайындау жұмыстары басталды

Бүгін талапкерлерге білім беру гранттарын тағайындау жұмыстары басталды

Республикалық конкурстық комиссия Білім және ғылым министрлігінің төрағалығымен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі іріктеу сындары басталды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыстың қайта қаралуына байланысты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аса жоғары көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен білікті педагогика мамандарының даярлануы мен агроөнеркәсіп  кешендерінің дамуы.

Осыған орай, биыл оқу жылында техникалық ғылымдар мен технологияларға 12 мыңға жуық, педагогика мамандықтарына 6600, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылымдарға 2630 білім беру гранты бөлінді.

2012-2013 академиялық жылына бөлінген гранттар саны 34 315-ті құрайды. Және осы гранттарды орналастыру құқығына қазақстандық 80 жоғары оқу орны ие.

Грант тағайындау конкурсын айтатын болсақ, биыл грант иеленуге 67 985 түлек өтініш білдірген (қазақ бөлімі – 48 350, орыс бөлімі – 19 635). Айта кетсек, биыл әр грантқа орташа есеппен алғанда 2,1 талапкер таласады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы талапкерлер арасында Биотехнология, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Стандарттау, сертификаттау және метрология,  Ақпараттық жүйелер, Автоматтандыру және басқару, Аударма ісі,  Халықаралық қатынастар,  Дизайн, Құқықтану, Қаржы,  Есеп және аудит,  Экономика,  Халықаралық құқық мамандықтары ерекше сұранысқа ие болған. 

Конкурсқа қатысатын талакерлер:

  • ҰБТ сертификатымен - 54 612; 
  • Кешенді тестілеу - 12 110: 
  • Халықаралық олимпиада жүлдегерлері - 948; 
  • Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері - 315;
  • "Алтын белгі" иегерлері - 1 305;
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары - 279;
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары - 578;
  • Республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары - 695;
  • Жетім  балалар - 470; 
  • Мүгедектер - 320: 

Ақпарат көзі: edu.gov.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: vk.com

Ж. FM