Бір қармақ қанша тұрады?

Бір қармақ қанша тұрады?
Фото: www.captainkeithrogers.com

Жаңадан сатушы болып жұмысқа тұрғысы келген адам мен жұмыс берушінің диалогы:

— Осыған дейін сатушы болып жұмыс істегенсіз бе? 

— Әрине! Мен туған жерде барлығы әртүрлі тауарларды сатумен айналысады.

— Жарайды. Онда жұмысты бүгіннен бастаңыз.

Жұмыстың алғашқы күні ауыр өтеді. Дегенмен жас маман өз ісін атқара алды. Ал жұмыс уақыты соңына таяп қалған кезде менеджер оған келіп, күнінің қалай өткенін сұрайды.

— Сонымен бүгін неше адамға тауарларымызды өткізе алдыңыз?

— Бір. 

— Бір? Біздің сауда орталығында әрбір сатушы кем дегенде 20-30 сауда жасап үлгереді. Иә, ал сіз болсаңыз бір адамды ғана сендіре алыпсыз. Ендеше ол қандай сомаға сауда жасады?

— 27 679 320 теңге

— Немене-е-е? 27 679 320 теңгеге сауда жасады ма? Сонда ол не сатып алды?

— Бастапқыда мен оған балық аулауға арналған кішкентай қармақ саттым. Сосын орташа көлемдегісін, кейін үлкенін ұсындым. Содан кейін оған дүкендегі ең әдемі қармақ ілгегі ұнап қалды. Сатып алушы осы заттардың ақшасын төлеп жатқан кезде мен одан балық аулаумен қай жерде айналыспақ екенін сұрадым. Ол "Каспий теңізінің жағалауында" деп тіл қатты. Сосын мен Каспийде қайықсыз балық қармаққа ілінбейтінін айттым.

Содан кейін біз қайықтар бөліміне бардық. Оған екі моторды дизельді қайық ұнады. Расында жеткілікті қаржым болғанда мен де оны сатып алар едім. Дегенмен ол қайықты тартуға өзінің спорттық көлігінің қуаты жетпейтінін айтып, ойланып қалды. Сосын біз оған лайық автокөлік қарастыруға көштік. Сатып алушы менімен ақылдасып, артында тіркемесі бар Паджеро жол талғамайтын көлігін таңдады. Міне, менің алғашқы сатып алушым осындай сауда жасады.

— Сонда ол балық аулауға арналған қармағын сатып алу мақсатымен келіп, соңында қайық пен көлік алып кетті ме?

— Жоқ, жоқ. Ол негізі бір бөтелке сусын алуға кірген екен. Ал мен оған осы демалыстың ауа райы балық аулауға ыңғайлы екенін айттым.

Ж. Өрісбай